07
март
2024
8-наурыз мерекесіне орай КМҚК "№44 бөбекжай-балабақшасында" ертеңгіліктер өткізілді.

Мектеп алды «Балапан» және "Балауса" топтарында «Ана - өмір шырағы».
Ересек "Ақжелкен" тобында "Ананың аялы алақаны".
Ортаңғы "Ботақан" тобында "Ақ мамам".
Кіші "Балбөбек" және "Балапан" топтарында "Ана - біздің күніміз" атты ертеңгіліктер өткізілді. Ертеңгілікте балалар аналарына арнап өлең шумақтарын оқыды. Көктем, ана, әже туралы әндерді музыкалық сүйемелдеу арқылы шырқады. Мың бұралған қыздар көбелек, гүлдер болып билерімен тамсандырса, жігіттер қауымы аналарымен керемет вальс биледі. Қыздар мен ұлдар арасында түрлі ойындар ойналды. Ертеңгілікте балалар өздерін белсенді көрсете отырып, қыздарға сыйлықтарын тарту етті. Ертеңгілік өте жоғары деңгейде, қызықты және әсерлі болып өтті. Қыздар мерекелік көңіл күйде болды. Ертеңгіліктен кейін балалар өз аналарына жылы лебіздерін білдіріп, құттықтады.