Ұлыстың ұлы күні – Наурыз! Ортаңғы "Ботақан" тобы » ГККП Ясли сад № 44
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№44 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон завующего:
+7(727) 303-74-63
Телефон методиста:
+7(727) 303-78-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ұлыстың ұлы күні – Наурыз! Ортаңғы "Ботақан" тобы
27
март
2026

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз! Ортаңғы "Ботақан" тобы

Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау. Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында қарапайым түсінік беру. Ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу. Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін балалардың бойына сіңіру. Балаларды ұлттық салт-дәстүрді, мұраларды танып-білуге, сыйлап, түсінуге үйрету. Балалардың ой-қиялының, шығармашылық белсенділігінің және бейнелі ойларының дамуына ықпал ету. 
Тәрбиеші:
Балалар, қазақ халқының әртүрлі дәстүрлері бар, бұл халықтық мерекенің үлкен мәні бар. Біз бүгін сол дәстүрлердің бірі «Тұсау кесу» дәстүрімен танысамыз. Тұсау кесу рәсімі сәбиді қаз тұрғаннан кейін, жылдам жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ырым. Тұсауды көбіне тез, шапшаң жүретін үлкен кісіге кестіреді. Ол үшін алдын ала жіп дайындалады. Тұсау кесудің жібін дайындаудың бірнеше түрі бар.
Олар:
  • Көбейіп көгере берсін деп шөптен есіп жасаған;
  • Бай болсын деп малдың тоқ ішегіннен де жасаған;
  • Адал болсын деп ала жіпті есіп жасаған.
Қаз-қаз балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауынды кесейін, — деп баланың тұсауын кеседі.
Қаз-қаз басқанына қуанып шашу шашылады, отырған балалар шашу жинайды.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив