АОҚ «Түлкінің туған күні»
Тақырыбы: «Түлкінің туған күні»
Алматы қаласы ББ
МКҚК «№44бөбекжай- балабақшасының» тәрбиешісі:
Ерназарова Пакизат ТастановнаБілім беру саласы:«Коммуникация»
Оқу қызметі: Көркем әдебиет
Мақсаты: Жабайы аңдар туралы білгендерін естеріне түсіру. Баланы ертегі кейіпкерлерін өздері айтуға,қимыл-қозғалыс, дауыс ырғағын келтіре білуге үйрету.Балаларды байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру, ойын, ертегіні сахналау арқылы қызығушылығын арттыру, ой – өрісін дамыту.
Міндеттері: Сөздік қорын молайту.Балалардың аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып, оларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Дамытушылық:Балалардың тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды достыққа, мейірімділік, жанашырлық, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ертегі кейіпкерлердің костюмдері,орман
бейнесі кейіпкерлердің музыка жанрындағыдауысы.
Түрі: Театрландырылған қойылым.
Сөздік жұмыс:Түлкіқу,айлакер, әдемі, сұлуаң
Билингвальды компонент: түлкі-лиса-fox, қоян-заяц-hare, қасқыр-волк-wolf, аю-медведь-bear
Шаттық шеңбері:
Күндей жадырап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір таза көңілмен,
Қайырлы таң, қайырлы күн
Күліп шықты күн бүгін.
Күннің көзі ашылсын!
Көкке шуақ шашылсын!
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Мотивациялыққозғаушылық:
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, балалар!
-Ертегі әлеміне қош келдіңіздер.
-Балалар сендер қандай ертегі білесіңдер?
-Сендерге ертегі кейіпкерлері ұнайды ма?
-Ендеше мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, мұқият тыңдайық.
Жұмбақ жасыру.
Өзі ширақ, өзі қу,
Жүрген жері айқай-шу. (Түлкі)
-Түлкіқандайаң? Олқу,айлакержәнеқұйрығыәдемісұлуаң. Орманда өмір сүреді.
-Орманда тағы қандай аңдар өмір сүреді?/қасқыр,аю,қоян т.б./
Тілді жаттықтыру
Ян – ян – ян – секеңдеген ақ қоян,
Ю – ю – ю – қорбаңдаған аю,
Кі – кі – кі – бұл айлакер түлкі,
Қыр – қыр – қыр – бұл көкжал қасқыр.
Бүгін түлкінің туған күні екен.
Олай болса біз бүгін «Түлкінің туған күні» атты ертегіні тамашалап көрейік.
Ұйымдастырукезеңі:
Орман.Әршыршыныңтүбіндебір-біраңнанотырады.Залғакөңілдіәуенменбилептүлкікіреді,аңдарменамандасады да әндетіп айнаның алдына барып отырып сәндене бастайды.Аңдартаңданыпбір-біріненсұрайды.
Аю:Түлкібүгінкөңілдіғой.
Қасқыр:Оныңсебебі бар шығар.
Қоян:Сендербілмейсіңдерме?Бүгінтүлкініңтуғанкүні ғой.
Аю:Ендешенеғыптұрмыз,түлкінібарыпқұттықтайық.
Қоян:Босбарғанымызжарамас,дүкенгебарыпсыйлықалайық(Бәрідүкенгекетеді)
Түлкі қонақтарға дастархан жайып, мол тағам дайындап балық, саңырауқұлақ, сүт қояды.
Тосын сый:
Көп ұзамай сыйлықтарын алып түлкінің қонақтары келеді.
Бәрі дастарханға отырғандаТүлкі: Қап! Досым Василий мысықты шақыруды ұмытып кетіппін ғой,мен қазір барып шақырып келейін деп шығып кетеді. Қонақтар бір-біріне қарап...
- Мысық Василий деген қандай аң?Онымен бірге дастарханға отырмас бұрын, өзін бір көру керек шығар, деп бір-біріне айта бастайды.
Қоян: Мен мына бұта түбіне тығылып отырамын, мысық жанымнан өткенде жақсылап көріп аламын.
Қасқыр: Ал мен қайыңның артына тығыламын, мысық Василий мені байқап қалса қаша жөнелемін.
Аю: Ал мен қайыңға шығып отырамын, ол жерден мені байқай қоймас.
Василий мысық әдемі болып, мойнына галстук тағып, сәнденіп келеді. Ал түлкі болса дайындаған тағамдары жайлы айтып келеді. Мысық қоян тығылған бұтаның қасына келгенде жапырақтар сыбдырлап кетеді, Мысық сыбдырлаған тышқан екен деп , бас салады. Қоян қорыққанынан алды- артына қарамай безе жөнеледі. Мысық қайыңға өрмелеп шықты.
Аю: Бітті шаруам , Василий мені көріп қойды, енді менің талқанымды шығарады деп, қайыңнан қасқырдың үстіне құлап түседі. Қасқыр мен аю, қоян қорыққанынан бір-біріне соқтығыса қаша жөнеледі.
Түлкі бәрінің қашып бара жатқанын көріп, алдынан шығып тоқтатады.
Түлкі:Тоқтаңдар, қорықпаңдар, ол менің досым Василий мысық қой.
Достарым,үйге кіріңдер. Менің дастарханымнан дәм татыңдар./Барлық аңдар үстелге жайғасып отырады,үстелдің үстінде тәтті тағамдар тұрады. Әркім өзі жақсы көретін тағамдарыналып жейді/
Қоян: Асың дәмді екен рақмет!Түлкіге жақсы тілегімізді айтайық.
Туған күніңмен!
Аю: Мен түлкінің туған күніне арнап,тақпақ айтып берейін:
Алып батыр балпаңмын.
Ақ ниетті дарханмын,
Барлық аңға тимеймін.
Балпаң-балпаң билеймін!
Қоян: Мен қоянмын, қоянмын,
Сәбіз жеуді қоймадым
Түлкінің туған күніне
Тәтті сәбіз сыйладым!
Бәрі түлкіге өлең айтып, би билейді.
«Ақ қоян» ойыны: Барлығы ойын ойнайды.
Шарты: шеңбер жасап ортаға қоянды отырғызады. Оған қоян туралы өлең жолдарын айтады.
Қорытынды:
-Сендерге ертегі ұнады ма?
-Ертегі не жайында екен?
-Түлкінің туған күні қызықты болды ма?
-Түлкінің туған күніне қандай қонақтар келді?


