«Қыстап қалатын құстарға үйшік жасау» » ГККП Ясли сад № 44
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№44 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон завующего:
+7(727) 303-74-63
Телефон методиста:
+7(727) 303-78-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қыстап қалатын құстарға үйшік жасау»
21
январь
2022

«Қыстап қалатын құстарға үйшік жасау»

Мақсаты: Қыстап  қалатын құстардың тіршілігі жөнінде білім беру.  Құстар туралы өздерінің көргенін баяндауға жалпы жеке атауларын айтуға үйрету, сөздік қорын байыту. Жанашырлық сезімдерін ояту, қомқор болуға тәрбиелеу.  Жұмбақтарды шеше білуге, дидактикалық ойынды шартына сай орындауға үйрету. 

Қағаз парағының көлемін өзгерте отырып,құстарға үйшік жасау.

Қағазбен жумыс істеуге,материал түрлерімен таныстыру,табиғатты сүйуге тәрбиелеу, көктем мезгілі туралы білімдерін дамыту

Көрнекілігі: Көгершін, құстардың суреттері, қыстап қалатын құстар, қыс мезгілінің суреті және құстардың дауысы жазылған бейнетаспа. Геометриалық пішіндер, үйшік,құстардың суреттері.

Әдіс –тәсілі: әңгімелесусұрақ –жауап,түсіндіру.

Ұйымдастырушылық кезең: Амандасубір-бірімізге жақсы тілектер айтып,жылуымызды шашайық,сәлемдесіп алайық.

  1. Шаттық шеңбер Сәлем саған, Алтын күн!

                               Сәлем саған,Көк аспан!

                               Сәлем сағсн, туған жер!

                              Сәлем саған достарым!


  1. Балалар бізге көп апайлар келіпті,бірінші амандасып алайык, салеметсіздер ме?
  2. Жыл мезгілдері: бір жылда неше мезгіл бар? 4 Қыс, көктем, жаз, күз. 

Енді балалар, орнымызға отырып, көзімізді жұмып, менің айтқандарымды елестетейік. «Жапырақтар сарғайып жерге түсті. Айнала сары алтындай сап-сары. Күн суыта бастады. Құстар жылы жаққа ұшып барады. Жаңбыр жиі жауады.» Көзімізді аштық. – Бұл қай мезгіл екен, балалар? 
 -    Күз мезгілі, дұрыс. Қазір жылдың қай мезгілі? 

-    Енді балалар назарымызды суреттерге аударайық. Қыс туралы еске түсіріп, қыстайтын құстар туралы қараймыз
 Есік қағылып Дымбілмес келеді. 
 -    Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерге қызық көрсетейін деп келдім. (Қолтығынан торғай алып шығады) Міне
 – торғай, жаңа ғана ұстап алдым. 
 (Балалар таңырқай қарайды) 
 -    Ой, балалар сендерге қызық емес пе не? 
 -    Дымбілмес, сен біздің балаларға ренжіме. Сен құстарды ұстауға болмайтынын білмейсің бе?


Қыстайтын құстарға тиіспей, оларға қамқор болу керек. Оларға қыс мезгілінде жем шашып, үйшік жасап беру керек. Ендеше балалар, Дымбілмеске мына сиқырлы пішіндерден ұя құрастырып көрсетейікші.

Дымбілмес: балалар рахмет сіздерге. Мен енді құстарға тиіспеймін. Менде үйіме барып құстарға ұя жасап берейін.

Сау болыңдар балалар!


4.Тақпақтар:

Қуаныш:                                              

Келді міне күз,                      

Айнала сары түс,              

Керемет, тамаша,             

Қандай әсем күз.             

Ануар:         

Күз келді алақай    

Жапырақтар сарғайды.

Өсіп тәтті жемістер,     

Құстар аспанда ұшады.     

Ескелді:         

Алтын, сары- қызыл, көк ,       

Алуан –алуан  жапырақ    

күзгі бақта күлімдеп,    

Көз тартады атырап.             


5.Күз кезінде  далада тағы нені байқаймыз

Балалар сендер қыстайтын құстар туралы білгілерің келе ме?

Сауысқан   – ала қанатты, ұзын құйрықты құс. Қазақстандағы ең құйрығы ұзын құс. Оның құйрығы 35 см. Ол өте сақ. Ерекшелігі – жылтыр, әшекейлі заттарға әуестігі. Оның ұғымталдығы да соншалық – кәдімгі қараторғай мен тоты секілді, адамның айтқан сөзін жаттап алады. Кез келген тамақты қорек етеді. Қауырсындары біріңғай қара емес, жасыл реңкті келеді, бүйіріндегі қауырсыны аппақ.


Қарға  – басы, қанаты, құйрығы қара, ал арқасы мен бауыры сұрғылт, тұмсығы үшкір, тырнақтары өткір. Түрлі тамақ қалдықтарын тырнақтарымен қар астынан шұқып жейді. Бұл өте ақылды құс. Оның балапанын сөйлеуге үйретуге болады. Қарғалар ұзақ өмір сүреді. 



Кептер  – басы кішкентай, тұмсығы түзу, сирағы қысқа құс. Кептердің қолға үйретілген түрін халық арасында “көгершін” деп атайды. Өсімдік тұқымымен, астық тұқымдарының дәнімен қоректенеді. 

Торғай - ол өте кішкентай құс. Олар дәндермен, өсімдік тұқымдарымен қоректенеді екен. Торғайлар ағаш індерін, үй жайларда мекендейді.
 Құстардың ортақ қасиеті:  қанаты бар, ұшады, тұмсығы бар, шоқиды.
 Құстардың айырмашылығы: әртүрлі дауыстайды. 
 Құстардың пайдасы: олар ағаштарды зиянды жәндіктерден тазалайды.


Қарға –ворона, Сауысқан-сорока, Торғай-воробей, Көгершін-голубь.



- балалар  Күзде жылы жаққа ұшып кететін құстарымз бар.Олар суыққа шыдамайды сондықтан оларды жыл құстары деп атайды, олар жылы жаққа ұшып кетеді.Осында қалып қоятын да құстар бар.Олар суыққа төзімді шыдамды келеді. Қалып қойған құстарға тоңып қалмас ұшін ұйшік жасап берейік. Олай болса балалр мына геометриялық пішіндерден  ұя құрастырайық. 


  1. Қалып қойған құстарға тоңып қалмас үшін, үйшік жасап берейік.

Олай болса балалар мына Геомериалық пішіндерден ұя құрастырайық. Пішіндерді көрсетіп тұрын түсін атау. Қандай пішінге ұқсайды? 

Тік төртбұрыш – көк түс-бірінші тік төртбұрышты қояйық. Балалар желімді (клей) аламыз, жақсылап артына желімді жағамыз да жапсырамыз. Ұқыптап.

Үш бұрыш – қызғылт түс – одан кейін шатырын жасаймыз.

Шенбер – сары түсті – кіру есігіне қоямыз. Құсымыз кіріп шығу үшін шеңберді қолдандық. Жарайсындар балалар. 



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив