Тәлімгерлердің жас мамандарға кеңесі: «Денсаулық-зор байлық» мектепке дейінгі ұйымдарда жас ерекшеліктерін ескере отырып, таңғы жаттығудың орындалу

Ертеңгілік жаттығудың
Мектеп жасына дейінгі баланы дене жағынан тәрбиелеуде ерекше орын алады.
Мықты денсаулықтың, дененің дұрыс жетілуі осы мектеп жасына дейінгі
балалық шақта қаланады. Балабақшада дене жаттығулары
мынандай түрлерге бөлінеді:
таңертеңгі жаттығу, қимылды ойындар, спорттық жаттығулар.
Таңертеңгілік жаттығу балаларды ақыл -ой адамгершілік, еңбек және
эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға олардың сергек,
шат көңілді және күні бойы белсенді болуларына ықпал етуі тиіс. Таңертеңгі
жаттығу балаларды сауықтыру мен тәрбиелеудегі бағалы құрал болып табылады.
Таңертеңгі жаттығудың мазмұнына алдын-ала сабақтарда балаларға үйретілген жаттығулар мен ұзақ уақыт үйретуді талап етпейтін жеңіл жаттығулар енгізіледі. Таңертеңгі жаттығуда балалар қозғалыстармен жаттығады. Бірақ жаттығулар балаларға жағымды әсер ету үшін қозғалыстың анықтығына, дәлдігіне, олардың жеткілікті түрде жиілігі сақталуы керек. Жалпы дамытушы жаттығулар мына ретпен іріктеледі: мойынға арналған, қол мен иық белдеудің бұлшықеттеріне арналған жаттығу, тұлға мен аяқтың (еңкеюлер,бұрылулар, отырып-тұрулар, аяқты ілгері,кейін, жан-жаққа сермеулер және т.б.) бұлшық еттерін қатайтатын жаттығулар. Бұл жаттығулар ертеңгілік жаттығудың алғашқы кезінде негізінен түрегеліп тұрып орындалады.
Ертеңгілік жаттығу

Ортаңғы топтағы таңертеңгі жаттығу
Ортаңғы топтан бастап таңертеңгілік жаттығу арнайы дене шынықтыру залында жасалуы керек. Бұл жас ерекшелік тобында балалар жаттығуға өз бетімен дайындалады және оған қатысуда анағұрлым белсенділік көрсетеді. Жаттығудың ұзақтығы 5-6 минут. Таңертеңгі жаттығу комплексі жалпы шынықтыру сипатындағы 4-5 жаттығудан құралады және 4-5 рет қайталанады. Олардың мазмұнына жүру, жүгіру, бір орында тұрып секіру,жүгіру, иық пен қолдың, мойынның, аяқтың, іш пен арқаның бұлшық еттеріне арналған жаттығулар міндетті түрде кірістіріледі. Жаттығуларды орындау үшін жылдың басында балалар шеңберге тұрады, жылдың екінші жартысында звено болып сапқа тұрады. Ортаңғы топта жаттығу барысында бастапқы қалыптың барлық түрі сақталады. Жаттығу жасау үшін әр түрлі құралдар пайдаланылады: доптар, қысқа таяқшалар,кубиктер.
Ересектер және мектепалды даярлық топтарындағы таңертеңгі жаттығу
Бұл жас ерекшелік топтарында балалар таңертеңгі жаттығуға өз бетінше дайындалуы керек. Жүру, жүгіру жаттығулары әр түрлі болуға тиіс. Жүру қарқынды, бағытты өзгертуде, аяқтың ұшымен, өкшесімен, табанның сыртқы қырымен, тізені жоғары көтеріп жүру, кедергілерден аттауда және де басқа зейін қою жаттығулары кең қолданылады. Жаттығудың ұзақтығы 8-10 минут. Таңертеңгі жаттығу комплексі жалпы шынықтыру сипатындағы 5-6 жаттығудан құралады және 7-8 рет қайталанады. Балалар жаттығуға сап түзеген кезде залдың ортасымен үш-үштен үш сап құрап немесе төрт-төрттен төрт сап құрай бөлінеді.
Басшылық ету әдістері
Ересек балалар тобындағы таңертеңгілік жаттығудың негізгі ерекшеліктерінің бірі-балалрдың оларды орындауға жауапкершілікпен қарауы. Тәрбиеші балаларғ таңертеңгі жаттығудың міндетін түсіндіреді, оның денені жетілдірудегі, күшке ие болудағы оңтайлылық, денені жалпы қалыптастырудағы, жүрістің сәнді болудаңы ролін ашып көрсетеді. Жаттығу барысында дем алу мен дем шығару үйлесімділігін сақтау да жаттығуды дұрыс жасаудың негізгі шарттарының бірі екенін балаларға үйрету міндетті болып саналады. Бұл жас ерекшелік топтарында балалар таңертеңгі жаттығуды тез есте сақтап, өздері басшылық жасай алады.
