27
март
2026
Наурыз келді – жайдары! Кіші "Балапан" және "Балбөбек" тобы
Наурыз келді – жайдары! Кіші "Балапан" және "Балбөбек" тобыТәрбиеші: Балалар,көктем келді! Көктем келсе айнала төңірекке жан кіреді.Алыс жақтан құстар ұшып келеді,қысқы ұйқысынан аңдар оянады.Табиғат жаңарып, гүлденеді.Әр халықта көктем мерекесі әртүрлі тойланады.Балалар бұл мереке қалай аталады?Балалар : Наурыз.
Тәрбиеші: Бақта құстар сайрайды.
Жайнап көктем нұрымен.
Жаңа дәстүр жырымен.
Ел наурызды тойлайды.

