СМ/Л(КЖ) Ерекше білімді қажет ететін балаға "Текше қала" ойын технологиясын пайдалану ерекшелігі Тәрбиеші: Калиева А.Н.
Инклюзивті білім берудегі ерекше әдіс
Мектеп жасына дейінгі ұйымдардың инклюзивті білім беру тәжірибесіне өту
жағдайында педагогтерге ерекше қажеттілігі бар балалардың сөйлеуіндегі
кемшіліктерді жеңуге ықпал ететін ең тиімді әдістердің бірі «Текше қала» ойын
технологиясы болып табылады. «Текше қала» ойын технологиясы оның жақтарында дидактикалық ойын рәміздері
мен жаттығулары берілген түрлі көлемдегі текшелер сериясын білдіреді.
Текшелер картоннан, қатты қағаздан, поролоннан, жеңіл фанерден және басқа да
қауіпсіз материалдан жасалуы мүмкін. Текшелердің өлшемдері олардан «қала» салу үшін әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан да бұл технология «Текше қала» деп аталады.
Текшелердің көмегімен ерекше қажеттіліктері бар балалардың сөйлеуінің
барлық жақтарын, яғни
Екі, үш сөзден тұратын сөздерді дамытуға болады.
Сондайақ физиологиялық дұрыс тыныс алуды, сөзді түсінуді, артикуляциялық
гимнастиканы орындауға қызығушылықты, ұсақ қол және жалпы моториканы
дамытуды, қозғалыстардың үйлесімін, өзара түсінікті, өзара құтқаруды, өзара
көмекті, өзара құрметті, достықты қалыптастыруға болады. Бұл қасиеттер
инклюзивтік топтарда тәрбиеленетін мектеп жасына дейінгі балалар үшін өте
маңызды.
Текшелер сондайақ сөйлеудің психологиялық негізін: есту назарын, фонематикалық
қабылдауын, сөздік логикалық ойлауын, назардың және жадының тұрақтылығын
қалыптастыруға ықпал етеді.
Инклюзивтік топтың тәжірибесінде түрлі көлемдегі текшелер қолданылады.
Жақтары 35 см үлкен текше10см әзірлеген дұрыс. Текшелер ұзақ сақталуы үшін оларды жууға
болатын матамен қаптап тігіп шығу қажет. Ал көп салалы болуы үшін көрініп тұратын қалталар жасауға болады. Оларға
оқылатын тақырып бойынша иллюстративтік материалдарды салып,
оларды қажеттілігіне қарай ауыстырып отыруға болады.
Балалармен жұмыс балалардың жасын, жеке
психологиялық-физиологиялық ерекшеліктерін, олардың сөйлеуінің дамуын ескере
отырып жеке және шағын топтық лер «Текше қаланың» негізін салуға қолданылады,
жақтары 25 см, 30 см текшелер қаланың түрлі «қабаттарын» салу үшін қолданылады. Ал жоғарғы «қабаттары» үшін шағын, баланың құшақтап алуы үшін ыңғайлы 15см,
сабақтармен өткізіледі. Инклюзивтік топ жағдайында «Текше қала» ойын
технологиясын пайдалану:
Ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс кезінде ойын технологияларын
пайдалану балалардың қызығушылығын арттырып, қысқа уақыт ішінде
барынша нәтиже алуға ықпал етеді.
«Текше қала» ойын технологиясын пайдалану барысында келесі
ережелерді сақтау қажет:
«Артикуляциялық гимнастика» текшесі.
Мақсаты:
Мысалы,
«Мен саған ертегі айтып беремін. Ал тіл бізге көмектеседі. Тіл оянды. Терезеге қарады, сырлаушылар шатырды
бояп жүр. Тіл қылқаламға айналып, оларға көмектесті («Сырлаушы» жаттығуы,
сырлаушылар туралы өлеңдерді оқу). Тіл әрі қарай қыдырып кетті. Көлшікте бақа
отыр, қолында гүлі бар, жымиып отыр («Бақа» жаттығуы, бақа туралы өлеңді оқу).
Тіл әрі қарай қыдырып бара жатып, саңырауқұлақты көреді
(«Саңырауқұлақ» жаттығуын орындау).
Саңырауқұлақтың жанында мысық отыр, ол сүтін төгіп ап ашуланып отыр
(«Ашуланған мысық» жаттығуын орындау). Көңілді тіл әрі қарай кетіп бара
жатып, атты көріп, біраздан бері аттың үстінде қыдырмағыны есіне түсті
(«Ат» жаттығуы, ат туралы өлеңді оқу).
Сырлаушы
«Мен саған ертегі айтып беремін. Ал тіл бізге көмектеседі. Тіл оянды. Терезеге қарады, сырлаушылар шатырды бояп жүр. Тіл қылқаламға айналып, оларға көмектесті (ауыз кең ашық, тілдің ұшымен қатты таңдайды сылау. Бағытын өзгерте отырып, 10-15 рет қайталау.
«Балақай» текшесі.
Мақсаты: көзбен көргенді дамыту; суреттерді лексикалық тақырыптар бойынша іріктей білу
жаттығуы («Көкөністер», «Жемістер», «Ойыншықтар», «Киім», «Үй жануарлары», «Жабайы жануарлар», «Ыдыс-аяқ», «Азық-түлік», «Жиһаз» және т.с.с)
Мысалы, тапсырма нұсқалары:1-тапсырма: текшеден аталған суретті табу.
2-тапсырма: түсінікті жинақтайтын, берілген лексикалық тақырып бойынша
текшелік суретті табу
«Пішіндер» текшесі.
Мақсаты: геометриялық пішіндер туралы түсінікті қалыптастыру, оларды
ажырата білу; негізгі түстерді білуді нығайту; заттар мен нысандарды түсі, пішіні, көлемі арқылы арақатынасын
ажыратуға үйрету.
Сол сияқты тағы «Түрлі түсті», «Санамақ», «Бизитекше»деген текшелермен ойнатуға болады


