АОҚ «Табиғатқа қамқорлық» » ГККП Ясли сад № 44
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№44 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон завующего:
+7(727) 303-74-63
Телефон методиста:
+7(727) 303-78-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » АОҚ «Табиғатқа қамқорлық»
20
ноябрь
2021

АОҚ «Табиғатқа қамқорлық»

Алматы қаласы 

Әуезов ауданы 

МКҚК "№44 бала  бақшасы"

АОҚ "Табиғатқа қамқорлық"

Білім беру саласы: "Таным"
Білім бөлімі: 
Жаратылыстану.
Мақсаты:
Балаларға табиғат, тіршілік, коршаған орта арасында байланыс жайлы түсініктерін қалыптастыру, балаларға өлі және тірі табиғат жөнінде мағлұмат беру, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға, қадірлей білу және қамқорлық жасай білуге үйрету. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.
 Әдіс –тәсілдер:
 саяхат, әңгіме, түсіндіру, көрсету, сұрақ –жауаптар.
 Көрнекіл
ігі:тақырып бойынша суреттер, табиғат көрінісі
 
Сөздік жұмыс: қамқорлық.

Билингвальді компонент: табиғат - природа- nature.

Балалардың қонақтармен амандасуы.Сәлеметсіз бе- здраствуйте, good morning

Балалар мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Ендеше, бір-бірімізге деген жылы лебіздерімізді білдіріп, таңғы шаттық шеңберін жасайық.

Шаттық шеңбері:
 
Арайлап таң атты,
 Алтын сәуле таратты.
 Жарқырайды даламыз,
 Жарқырайды қаламыз.
 Қайырлы таң, достарым!
 Қайырлы таң, қонақтар!

Ұйымдастыру.

-Балалар бір жылда қанша жыл мезгілі бар?

-Бір жылда төрт жыл мезгілі бар.

-Қандай мезгілдер?

-Қыс, көктем, жаз, күз.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қазір жылдың күз мезгілі.

-Күз мезгілінде қанша ай бар?

-Үш ай, қыркүйек, қазан, қараша.

-Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?

-Күн салқындайды, ағаштың жапырақтары сарғайып жерге түседі, құстар жылы жаққа ұшып кетеді, жемістер- көкөністер піседі, жаңбыр көп жауады.

-Бүгін аптаның  екінші күні, қалай аталады? /сейсенбі/

-Кеше қандай күн болды? /дүйсенбі/

-Ертең қандай күн? /сәрсенбі/
 -Сонымен, бір аптада неше күн бар? /7 күн/
 -Жарайсыңдар, балалар! 

Табиғат көрінісінің суретін көрсетіп, атап айту.

Адамдар, құстар,жануарлар, жәндіктер, аңдар, ағаштар, гүлдер, таулар. Бұның барлығын бір сөзбен айтқанда не деп айтамыз?
 -Табиғат.
 -Дұрыс айтасыңдар, сонымен табиғат дегеніміз не екен? 

-Бізді қоршаған орта

табиғат - природа- nature.

Енді табиғат туралы кім маған тақпақ айтып береді?

Табиғатқа қамқор боп, 

Байлығын біз қорғаймыз.

Табиғатпен достасып,

Жақы істермен қолдаймыз.

Балалар мен таң ертең балабақшаға келсем, Ақжелкен тобына бір хат келіпті. Табиғат аясындағы ақ қайың ағашынан екен.Соны оқып көрейікші..

Ғажайып сәт
 Хат
 -Сәлеметсіз бе, құрметті балалар! Мен - ақ қайыңмын.
 Мен сендерге жазда жандарыңа сая болатын едім. Кәзіргі кезде менің қалым нашарлап бара жатыр. 

. Менің бұтақтарым сынып,сусыз қурап бара жатырмын. Мен сендерден сұрайтыным маған көмек беріңдерші. Сәлеммен - Ақ қайың
 (Балалар мұқият тыңдайды).
 -Балалар сендер, мейрімді де ақылды, сүйкімді балаларсындар ақ қайыңға көмектесемізбе? /көмектесміз/
 Ендеше Табиғат аясына саяхатқа шығып, ақ қайыңға көмектесейік.
 Ол үшін көзімізді жұмып, табиғатты көз алдымызға елестетейік
 Осы кезде ширма ашылып, табиғат аясына келеміз. Балалар көзедірін ашып, табиғатқа таңырқай қарап, аққайыңға көмектеседі. Бір бала аққайыңның сынған бұтағын байлайды, бір бала су құяды. Міне балалар біз табиғат аясындағы ақ қайыңғада көмектестік, әрқашан табиғатқа қамқорлық жасап, аялап жүрейік

Тыныштық сәті:
 Табиғат құбылыстарының дыбыстарын тыңдау.

 Балалар не естідіңдер?
 -Жаңбырдың жауғанын, құстардың мен жан-жануарлардың дыбыстарын естідік.
 -Осы құбылыстардың барлығы табиғат құбылыстарына жатады. 

Енді бір логикалық ойын ойнап жіберейік. 

Күндіз күн болады-түнде...  Күндіз жарық болады-түнде... Қыста кар жауады-күзде...Көктемде ағаштар жапырақ ашады-күзде...
 Табиғат – бізді қоршаған орта, туған елім, ауа, күн мен жер және су, орман мен жануарлар. 

-Табиғаттың неше түрі бар?
 -Табиғаттың екі түрі бар

-Ол тірі табиғат және өлі табиғат.

- Тірі табиғатқа нелер жатады?
 -Тірі табиғатқа: ағаштар, шөптер, гүлдер, адамдар,аңдар,құстар, жәндіктер жатады. 

- Не үшін оларды тірі табиғат дейміз?

- олар өседі, дем алады, көбейеді,денесінде жан бар.

- Өлі табиғатқа нелер жатады?
 - Өлі табиғатқа: су,тас, құм,ауа, қар, жаңбыр, бұлт жатады, олар өспейді,дем алмайды денесінде жаны жоқ.
 Бірақ осы тірі табиғат пен өлі табиғат бір-бірімен тығыз байланысты екен.

-Міне балалар, мынау су. Бұл қандай табиғат ? /өлі табиғат/
 -Ал судың қандай пайдасы бар? /балалардың жауабы/
 Су- балалар өлі табиғатқа жатады,ал біз адамдар суды ішеміз бізге пайдасы өте көп екен.Демек өлі табиғат пен тірі табиғат бір-бірімен тығыз байланысты екен.
 Мен сендерге бір жұмбақ жасырамын мұқият тыңдаңдар.
 Бар ма, жоқпа, оны анық білмейсің
 Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің? Ол не ? /ауа/
 - Ауа не үшін керек?
 - Ауаның түсі қандай?
 - Қолмен ұстауға болама?
 - Балалар айналаға қараңдаршы, біз ауаны көреміз ме?
 1-тәжірбие: Әр баланың қолына айна беріледі.Балалар айнаға үрлеп, ауаның бар екеніне көз жеткіеді
 2-тәжірбие: Балалар енді мұрнымызды қолымызбен жауып аузымызды ашпай көрейік.
 - Көрдіңдер ме балалар ауасыз тыныс алу мүмкін емес екен.
 Табиғат аясындағы ағаштар, әсем гүлдер, тіпті бөлмеміздегі гүлдер де ауадағы шаңды жұтып, бізге таза ауа жіберіп отырады екен. Демек өсімдіктерге қамқор болуымыз керек екен.
 Балалар   табиғат аясында бойымызды сергітіп бір тынығып алайық.
 Сергіту сәті.
 Құс ұйқыдан оянып, жан- жағына қарады. 

Жерге сәлем береді, күнге қолын созады. 

Қанаттарын қағып- қағып, күнмен бірге тұрады. 

Ең әдемі құсымыз ағашқа келіп қонады.

-Балалар бүгінгі саяхаттан алған білімдерімізді байқау үшін қазір
 «Таңдап алда, атын ата» дидактикалық ойынын ойнауға шақырамын
 Ол үшін ғажайып дорбаның ішінен өлі және тірі табиғат бейнелерін таңдап алып,алған заттарыңның атын атап,оларды өзінің тиісті орнына апарып орналастырамыз.
 - Міне балалар біз табиғат аясындағы ақ қайыңғада көмектестік, тірі және өлі табиғатты ажырата білдік, ендеше саяхатымызды аяқтап балабақшаға оралайық.

Орнымыздан тұрып, бәріміз үлкен шеңбер жасайық.
 Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік, әрқашан қамқорлық жасайық.
 Бір гүл егейік деп, балалармен бірге бөлме гүлін отырғызу.
 Сендер енді осы гүлді бөлме гүлдерімен бірге күтіп- баптаймыз. 

Сонымен табиатқа қандай қамқорлық жасайды екенбіз? /балалардың жауабы/

Рахмет балалар, бүгін сендер оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар, қонақтармен қоштасайық.

Сау болыңыздар!

- До свидания!

- Good bue!

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив