АОҚ «Ертегілер еліндегі ғажайып математика» » ГККП Ясли сад № 44
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№44 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон завующего:
+7(727) 303-74-63
Телефон методиста:
+7(727) 303-78-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » АОҚ «Ертегілер еліндегі ғажайып математика»
18
декабрь
2020

АОҚ «Ертегілер еліндегі ғажайып математика»


Білім беру саласы:  «Таным»

Оқу қызмет:Математика негіздері

Тақырыбы: «Ертегілер еліндегі ғажайып математика»

Мақсаты: Балаларға қарапайым математикалық ұғымдарды, сан және санау, геометриялық пішіндерді ажырата білуге үйрету, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, ертегі арқылы математика негіздері оқу қызметіне деген қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа, тапқырлыққа үйрету.
 Шаттық шеңбері:

Қайырлы таң балалар!

Қайырлы таң ұстазым!

Шеңберге тұрайық!

Жылулық сыйлайық!


Балалар бүгінгі күн қандай тамаша,күн жарқырап тұр, өздерің де қандай әдемісіңдер,бір-бірімізге әдемі күлкімізді сыйлайықшы.

Рахмет! Енді осындай көңіл-күймен оқу қызметімізді бастайық. 

Ұйымдастыру.

Өткенді еске түсіріп алайық.

-Балалар бір жылда қанша жыл мезгілі бар?

-Бір жылда төрт жыл мезгілі бар.

-Қандай мезгілдер?

-Қыс, көктем, жаз, күз.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қазір жылдың күз мезгілі.

- Күз мезгілінде қанша ай бар?

-Үш ай:қыркүйек,қазан,қараша

-Күз  мезгілінде қандай өзгерістер болады?

-Күн салқындайды,ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі,құстар жылы жаққа ұшып кетеді,жемістер,көкөністер піседі

Күз мезгілі туралы кім маған тақпақ айтып береді?.

А.Құнанбаев «Күз»

Балалар,сендер қандай ертегі білесіңдер?

Балалар: «Маша мен аю», «Түлкі мен ешкі», «Қасқыр мен қоян», «Шалқан»

Тәрбиеші: Ертегі тыңдағанды ұнайды ма?Олай болса,біз бүгін «Үйшік» ертегісінің қойылымын тамашалаймыз!

 Ерте,ерте,ертеде жазық далада бір үйшік болыпты.Келе жатқан шиқылдауық тышқан тоқтай қалып сұрайды:
 Тышқан:— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
 Ешкім үн қатпады. Ешкім жоқ болса,бұл менің үйім болады деп тышқан үйшікке кіріп өмір сүреді. Бақылдап бақа келеді:
 Бақа:— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
 Тышқан:— Мен, шиқылдауық тышқанмын.Сен кімсің?
 Бақа:— Ал мен, бақылдаған бақамын.Мені үйшікке кіргізші,бірге тұрайық

Тышқан:Ол үшін менің бір тапсырмам бар соны орындасаң,кіргіземін.

1-тапсырма: 1-ден10-ға дейінгі сандарды тура және кері санап бер! Және математикалық жұмбақ шешіп көр

Математикалық жұмбақ:
 Бес алманың үшеуін
 Досың сұрап алады.
 Айтшы, сонда нешеуі
 Өз қолыңда қалады? (2 алма)
 
— Кел, бірге тұрайық! — деп бақа мен тышқан үйшікте бірге өмір сүреді. Секеңдеп қоян келеді. Тоқтай қалып сұрайды:
 Қоян:— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?

— Мен, шиқылдауық тышқанмын.
 — Мен,..бақылдаған бақамын.
 — Ал сен кімсің?
 — Мен, секеңдеген қоянмын.Сендермен бірге тұрғым келеді.

Тышқан:ол үшін біздің тапсырмамызды орында.

2-тапсырма—Затты санап,қанша болса,сонша тор көзді боя

Тәрбиеші:Балалар қоянға көмектесіп,бірге жұмыс жасайық

 Кел, бізбен тұр!

Бой сергіту
 
Енді олар үшеуі үйшікте тұрады. Терезені түлкішек тоқылдатады:
 Түлкі:— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
 — Мен, шиқылдауық тышқанмын. 
 — Мен, бақылдаған бақамын.
 — Мен, секеңдеген қоянмын.
 — Ал сен кімсің?
 — Мен сұлу түлкімін,мен де сендермен бірге тұрғым келеді

Тышқан:ол үшін менің тапсырмамды орындауың керек

3-тапсырма. Суретке қарап есеп құрастыр және заттарды салыстыр
 — Кел, бізбен тұр!
 Енді олар төртеу болады.
 Жүгіріп келіп есіктен сұр қасқыр сұрайды:
 — Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
 — Мен, шиқылдауық тышқанмын.
 — Мен, бақылдаған бақамын.
 — Мен, секеңдеген қоянмын.
 — Мен,сұлу түлкімін.
 — Ал сен кімсің?
 Қасқыр:— Мен, сұр қасқырмын,мені де үйлеріңе кіргізіңдерші

Тышқан:жоқ,ол үшін біздің тапсырмамызды орындауың керек.

4-тапсырма:Кеңістікті бағдарлау,Оң жақ,сол жақ,жоғары-төмен заттарды орналастыр және санамақ айтып бер
 — Кел, бізбен тұр! 

Бір күні қорбаңдаған аю үйшіктен шыққан дауыстарды естіп,

тоқтап айқайға салады:

— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
 — Мен, шиқылдауық тышқанмын.
 — Мен, бақылдаған бақамын.
 — Мен, секеңдеген қоянмын.
 — Мен, сұлу түлкімін.
 — Мен, сұр қасқырмын.
 — Ал сен кімсің?
 — Мен, қорбаңдаған аюмын, мені де үйлеріңе кіргізіңдерші

Тышқан:сағанда арналған тапсырмамыз бар,орындасаң бірге тұрасың

5-тапсырма. Құстарды ұясына орналастыр
 — Кел, бізге!
 Аю кірейін-кірейін деп, кіре алмайды.
 — Мен, шатырда тұрайын.

— Бізді басып қаласың.
 — Жоқ, қорықпаңдар.
 — Жарайды, шық.
 Аю отыра қалғанда үй: «тарс» — етіп құлады.
 Үйшіктен аман-есен: тышқан, бақа, қоян, түлкі, қасқыр қашып шықты.

Тышқан:Достар тоқтаңдар бәріміз бірге бірлесе отырып,үй тұрғызып алайық. Барлығы бірігіп бөрене тасып, тақтай аралап үлкен үй салуға кірісті. Үйшіктері үлкен, биік, әдемі болып шықты!





Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив