АОҚ «Геометриялық фигуралардың ғажайып әлемі» » ГККП Ясли сад № 44
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№44 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон завующего:
+7(727) 303-74-63
Телефон методиста:
+7(727) 303-78-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » АОҚ «Геометриялық фигуралардың ғажайып әлемі»
18
ноябрь
2021

АОҚ «Геометриялық фигуралардың ғажайып әлемі»



Білім беру саласы: «Таным»

Оқу қызметі: Математика негіздері

Мақсаты:Шаршы, шеңбер, үшбұрыш, тікбұрыш, сопақша тәрізді геометрия-лық фигуралармен таныстыру.Заттың пішінін басқа заттармен салыстыруды үйрету.Заттарды пішіні мен көлеміне, түсіне қарай ажырата білу қабілетін қалыптастыру.
Дамытушылық: М. Монтессори әдісі бойынша қол, саусақ маторикасын дамыту. Шығармашылық жұмыс істей отырып, сөздік қорларын, ой – өрісін, тілін дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды ұйымшылдыққа, зеректікке баулу. 

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап, сергіту сәті.
Билингвальды компонент: Пішін – фигура.
Қолданылған көрнекіліктер: Геометриялық пішіндер, видео, қағаз, карточкалар, сурет үлгісі.

Тәрбиеші: Балалар, бүгін ерекше күн болып тұр. Өйткені бізге қонақтар келіпті. Ендеше бір-бірімізбен, келген қонақтармен амандасып алайық.


Шаттық шеңбері:
 Біздер тату боламыз,                              
 Гүлдей жайнап өсеміз.
 Шаттық құрып шеңберден,
 Бір қуанып қаламыз.

Тәрбиеші: 
 Бір жылда неше мезгіл бар?
 Қазір қай мезгіл?
 Ауа - райы қандай?
 
- Балалар, біз бүгін сиқырлы пішіндер әлеміне саяхатқа шығамыз.
 - Балалар, бұл саяхат бізге ерекше болайын деп тұр. Алдымызда қолдың, яғни алақанның бейнесі тұр. Бұл бейне жай бейне емес, арман - тілекті орындайтын ғажайып алақан екен. Бұл алақанға қолымызды қойып, көзімізді жұмып іштей ғажайып пішіндер әлеміне апар десек, біздің арманымызды бұлжытпай орындайды екен. Олай болса, бәріміз орнымыздан тұрып, алақанға қолымызды қояйып, көзімізді жұмып, іштей тілегімзіді айтайық. (Балалар қолдарын қойып, көздерін жұмып іштей тілек тілейді.) Осы кезде баяу әуенмен музыка ойнап тұрады. 

-Міне, балалар біз ғажайып фигуралар әлеміне келдік.

Балаларға теледидардан видео ролик көрсету (Пішіндер әні)...
 - Сәлеметсіздер ме, балалар. Ғажайып фигуралар әлеміне хош келдіңдер! Расымен де ғажайып, өздері сөйлейтін фигуралар, қандай керемет.
 - Балалар, неліктен шеңбер деп аталады?
 - Балалар, бұл қандай пішін?  Шеңбердің бұрышы бар ма?
 - Бұрышы болмайды.

-Түсі қандай?

- Келесі қандай пішін?

- Балалар, үшбұрыштың неше бұрышы бар?
 - Үшбұрыштың үш бұрышы бар.

- Және неше қабырғасы бар? Санап көрейікші?

- Балалар,ал мынау қандай пішін?  Шаршының қабырғалары қанша?
 - Шаршының төрт қабырғасы, төрт бұрышы болады.

- Балалар, мынау қандай пішін?
 - Ол – сопақша.
 - Сопақшада бұрыштар бола ма?
 - Сопақшада бұрыштар болмайды.

-Түсі қандай?
 - Балалар, мынау қандай пішін?
 - Ол тіктөртбұрыш.
 - Тіктөртбұрыштың неше бұрышы болады?
 - Тіктөртбұрыштың төрт қабырғасы, төрт бұрышы болады.

  • Түсі қандай?

- Жарайсыңдар балалар, пішіндер туралы көп нәрсе біледі екенсіңдер. Мен сендерге риза болдым. 


І.Д/о: «Жоғалған пішінді тап!»
 Шарты:
 тақтада үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, сопақша пішіндер ілулі тұрады. Балаларға көзін жұмғызып, бір пішінді алып тастаймын. Балалар көзін ашып қай пішін жоқ екенін айтады.
 Ал балалар пішіндер туралы кім тақпақ айтады.

   
   

ІІ.Д/о. «Не неге ұқсайды?"

Шарты: Айналадағы заттардың қандай пішіндерге ұқсайтынын тауып айту...

ІІІ.Д/о: «Өз үйін тап»

Шарты: Геометриялық фигураларды, өз үйіне орналастыру. Сызып қос...

Сергіту сәті:                                                         
 
Бойды сергек тік ұста,

Деміңді ішке тез ал да
 Емін - еркін тыныста.
 Оң қолыңды соз алға,
 Қол ұшына қарада,
 Үшбұрыш сыз ауада.
 Сол қол босқа тұрмасын,
 Шеңбер жасап тынбасын.
 

ІV.Д/о: «Кеңістікті бағдарлау»

Шарты:Тақтадағы үлгі бойынша тапсырманы орындау. Ақ парақ бетінің ортасына сопақ, жоғарғы жағына оң жақ бұрышына үшбұрыш,жоғарғы жағының соқ жақ бұрышына шаршы, төменгі жағының оң жақ бұрышына тіктөртбұрыш. Төменгі жағының сол жақ бұрышына шеңбер орналастыр.

(Орындарын ауыстырып айту, балалар қайталап орындайды.)


 

Қорытынды: Жарайсыңдар, балалар!
 - Балалар, біз қайда бардық?
 - Ғажайып пішіндер әлеміне бардық.
 - Қандай пішіндер туралы айттық?
 - Үшбұрыш, тіктөртбұрыш, шаршы, сопақша, шеңбер туралы айттық.
 - Ал, енді, осы пішіндерді орыс тілінде айтайық:
 Шеңбер – круг.
 Үшбұрыш – треугольник.
 Сопақша – овал.
 Шаршы – квадрат.
 Тіктөртбұрыш – четыреуглоьник.
 
- Балалар, сендер өте тамаша жауап бердіңдер! Сендерге көп рахмет!


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив