«Тәуелсіз елдің ұланымыз!»

Мақсаты: Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу. Боздақтарға тәу ету. Бүлдіршіндердің тілдік, сөздік қорын байыту. Мақал-мәтел, тақпақтар арқылы ой-өрісін кеңейту, сөздік қорларын молайтып, тілдерінің дамуына ықпал ет.
Көрнекіліктер: ҚР Рәміздерінің суреттері, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев суреті, Желтоқсан оқиғасының құрбандары Л.Асанова мен Қ.Рысқұлбековтың суреттері мен арнау жыр-шумақтары.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.
ҰОҚ барысы: Шеңберге тұрып «Шаттық шеңберін» ұйымдастыру.
Армысың, алтың күн,
Армысың, жер Ана.
Армысың, көк аспан,
Армысыңдар, достарым!
Ұйымдастырушы қозғаушы қызмет түрі:
Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметімізді Қазақстан Республикасының гимнмен бастайық.
ҚР Гимн орындалады.
Сұрақ-жауап: Жыл ерекшеліктері:
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс
-Қыс мезгілінде неше ай бар?
3 ай бар
-Қыс айларын атайық
Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан
-Қыс мезгілінде ауа-райы қандай болады?
Салқын, боран, аяз
-Үстімізге қандай киім киеміз?
Жылы киім киеміз
-Қандай ойындар ойнаймыз?
Сырғанақ тебеміз, аққала жасаймыз
Жарайсыңдар балалар!
Біз аспаны ашық, сәулелі,кең,байтақ елде тұрамыз. Ол ел –
Қазақстан
Біздің еліміз қалай аталады?
-Тәуелсіз Қазақстан Республикасы
-Дұрыс, еліміз, Отанымыз, жеріміз Тәуелсіз Қазақстан Республикасы деп аталады екен. Біздің тәуелсіздік алғанымызға биыл 30 жыл толып жатыр. Осы 30 жыл ішінде біздің еліміз Қазақстан көптеген жетістіктерге жетті. Күні бүгінде Қазақстан Республикасын бүкіл әлем мойындады. Әр адамның өз Отаны, атажұрты, мекені, қонысы болады екен. Ал, біздің Отанымыз Қазақстан деп талады екен


Балалар Отан туралы қандай тақпақтар білесіңдер?
1.Куаныш
Он алтыншы желтоқсан,
Тәуелсіздік алған күн.
Мерекеге ел тосқан,
Атам менен барғанмын.
2.Амина
Аралаймын алаңд
Тәуелсіздік күні ме
Батыр Қайрат ағамның
Суретіне үңілем.
3.Бибісара
Отан-сенің ата-анаң,
Отан-досың, бауырың.
Отан-өлкең, астанаң,
Отан-аудан, ауылың.
4.Аиеркем
Отан дейміз от жаққан жерімізді.
Отан дейміз өсірген елімізді,
Отан дейміз туған жер атамекен
Биік тау,орман,тоғай көлімізді.
-Елімізді басқарып отырған елбасымыз кім?
-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
-Дұрыс айтасыңдар. Біздің тұңғыш елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1991 жылы 1 желтоқсанда сайланды.
Желтоқсан айында бірнеше мереке бар. Олардың алғашқысы Президент күні болса, одан кейін тәуелсіздік күні мерекесі екен.
-Қазақстан Республикасының рәміздеріне не жатады ?
-Ту, елтаңба, гимн.
-Тудың түсі қандай? Туда ненің белгісі бар?
-Тудың түсі көк, шетінде ою-өрнек, ортасында күн және қыран құс.
-Ел таңбамызда ненің бейнесі бар ?
-Елтаңба алтын және көгілдір түсті. Әлемнің тұтастығын, ошақтың амандығын білдіреді. Тұлпар биік арманның қайраттың нышаны. Жұлдыз – жұлдызымыз жарық болсын дегенді білдіреді.
Ту, Елтаңба туралы тақпақтарымызды еске түсірейік
Ескелді:
Аспан түстес көгілдір,
Тік бұрышты матаның.
Ортасында төгіп нұр,
Күн жаяды шапағын.
Астында оның қалқыған,
Қыран құстың бейнесі.
Азат елдің шалқыған,
Куаныш:
Алтын қанат көмкерген,
Шаңырақ бар, уық бар.
Әсем бейне сен көрген,
Жай бейне емес ұғып ал.
Сүйсіндірген өзіңді,
Түсіне біл таңбаны.
Ауызда ұшқыр төзімді,
Пырақ халық аманы.
Отан туралы мақал-мәтелдерді еске түсірейікші.
Амина:
Отансыз адам-ормансыз бұлбұл
Айару:
Отан оттанда ыстық.
Ескельді:
Отанын саткан онбас.
Куаныш:
Отан-отбасынан басталады.-Бүгінгі ашық оқу қызметіміз ұнады ма?
-Ия ұнады.
-Рәміздерді еске түсірейік
-Ту, елтаңба, гимн
-Тәуелсіздікке неше жыл толды?
-Тәуелсіздігімізге 30 жыл
Сонымен, біздің бүгінгі ашық оқу қызметіміз аяқталды.
Назар салып тыңдағандарыңызға рахмет!
«Тәуелсіз елдің-ұланымыз!» ашық оқу қызметінен көріністер.
