АОҚ «Су тіршілік көзі»

Білім беру саласы: «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармаылық», «Әлеумет»
Оқу қызмет: Жаратылыстану, сурет салу.
Тақырыбы: «Су тіршілік көзі»
Мақсаты: Балалардың су туралы толық түсініктерін қалыптастыру. Тәжірибе жасау арқылы судың қасиеттерімен таныстыру. Қоршаған ортаны қорғауға, суды ластамауға, суды үнемдей білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайд, Венн диограммасы, су, стакан, сүт, шырын, мұз, қасық, әйнек, ыстық су, балауыз, акварель бояуы.
Сөздік жұмыс: иіссіз, түссіз, мөлдір.
Билингвальді компонент: су- вода- water.
Балалардың қонақтармен амандасуы.Сәлеметсіз бе- здраствуйте, good morning
Шаттық шеңбері: Біз қандаймыз өлең жолдарын қимыл қозғалыспен айту.
Ұйымдастыру.
-Балалар бір жылда қанша жыл мезгілі бар?
-Бір жылда төрт жыл мезгілі бар.
-Қандай мезгілдер?
-Қыс, көктем, жаз, күз.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қазір жылдың қыс мезгілі.
-Қыс мезгілінде қанша ай бар?
-Үш ай, желтоқсан, қаңтар, ақпан.
-Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?
-Қар жауады, аяз болып, боран соғады.
Қыс мезгілі туралы тақпақ айту.
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды
Мұз болады, қатады
Жып жылтыр боп жатады.
Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр, ал сендер мұқият тыңдаңдар.
Дәмі де жоқ, түсі жоқ
Пайдаланбас кісі жоқ. Ол не?
Балалардың жауабы тыңдалады.
-Су, ол не үшін керек деп ойлайсыңдар? /балалардың жауабы/
Олай болса балалар судың адамға, табиғатқа қажеттігін слайд арқылы көрейік.
Слайд көрсету. Сумен шөлімізді басамыз, тамаққа пайдаланамыз, сонымен қатар егін суарамыз, жан- жануарлар, балықтар сусыз өмір сүре алмайды.
Сондықтан су- тіршілік көзі екен. Суды бекерге төкпей, үнемдеу керек, суды ластамау керек. Жер бетінде су көп болса да, барлығын бірдей ішуге жарамды бола бермейді. Су тұщы және тұзды болады. Біз ішу үшін тұщы суды пайдаланамыз.
Көп тамшыдан су пайда болады. Су өмір бойы айналымда болады. Ол жаңбыр болып жерге түседі. Арық болып өзенді құрайды. Содан кейін қайтадан күн шуағымен бу болып аспанға көтеріліп, жер бетіне жаңбыр болып оралады. 1-2 балаға схема бойынша әңгімелету.
Венн диограммасы арқылы айырмашылығы мен ұқсастығын, ортақ қасиетін, яғни судың пайдасы мен зиянын тапқызу.
Бой сергіту:
Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолыңды жу.
Жуынсаң сен әрдайым,
Таза бетің, маңдайың.
Тазалықтың досы,
Су дегенің осы.
Дидактикалық ойын:
«Су кімдерге немесе нелерге қажет?»
Ойынның шарты: Суды қажет ететін заттарды табу.
Міне мынау су. Су- вода- water.
Су буынға бөлейік, су деген сөзге сөйлем құрайық.
Енді балалар судың қасиеттерімен танысайық, тәжірибе жасап көрейік.
- Ортаға 2 бала шығып, су мен сүтке тәжірибе жасайды.
2 стаканға сүт пен су құйып, екеуіне қасық салып, қайсысы көрінетінін, қайсысы көрінбейтінін бақылау.
Сүттің түсі ақ, судың түсі жоқ мөлдір екен.
- Су мен шырынды ішіп көріп салыстыру.
Судың дәмі жоқ, шырын тәтті.
- Су күн аязда, суықта мұз болып қатады.
Мұзды көрсету, алақанамызда ұстағанда еріп су болады екен. Су – сұйық зат. Суды мөлдір стақанға құю. Дауысын естірту. Су қай кезде қатты денеге айналады? Мұз болып қатқанда.
- Бу- бұл да су.
Будың да су екенін ұғыну үшін қайнатылған судың үстіне әйнекті ұстап, одан тамшы болатынын байқау. Сонымен судың қандай қаситеттері бар екен?
-су түссіз, мөлдір, дәмсіз болады екен. Күн суықта мұз болып қатады, күн жылынғанда буға айналады, бу суға айналады. 1,2 баладан судың қасиетін қайталап сұрау.
Су туралы мақал- мәтелдер айтайық:
Судың да сұрауы бар.
Су- табиғаттың ажары, тазалықтың досы.
Тыйым сөздер:
Су ішкен құдыққа түкірме.
Шығармашылық жұмыс:
«Жаңбырлы күн» тақырыбына сурет салу.
Балалар балауыз арқылы жаңбыр тамшыларының суретін салайық, салу жолдарын көрсету.
Балалардың жұмыс жасауы./ әуен қосып қою/
Қорытындылау:
Балалар сонымен су адамға , табиғатқа не үшін қажет екен? Су туралы қандай мақал үйрендік? Ненің суретін салдық? Жаңбыр тамшылары оларда су екен балалар.
Бүгінгі оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар, сендерге көп рахмет, келген қонақтармен қоштасайық.