«Кел жаңа жыл, жаңа жыл» » ГККП Ясли сад № 44
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№44 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон завующего:
+7(727) 303-74-63
Телефон методиста:
+7(727) 303-78-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Кел жаңа жыл, жаңа жыл»
28
декабрь
2021

«Кел жаңа жыл, жаңа жыл»


Әдемі безендірілген залға әуенмен балалар кіріп, билеп, орындарына отырады

Жаңа жыл бірлік берсін елімізге

Береке, ырыс келсін жерімізге

Жаңа жыл берекелі, сый әкеліп

Қуаныш шашу шашсын төрімізге

Құрметті қонақтар,бүлдіршіндер көптен күткен

Жаңа жыл мерекесі құтты болсын!Жаңа жыл отбасыларыңызға бақыт,қуаныш,шаттық әкелсін!


1бала: Жаңа жылда жол болсын!           

2 бала: Әрбір үйде той болсын!             

3 бала: Берекелі жыл болсын!              

4 бала: Ақ дастарқан мол болсын!        

Барлығы бірге:Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!


Ән: «Шырша жыры»(Орындарына отырады)

Жүргізуші: Балалар қараңдаршы шыршамыз қандай әдемі, «Сұлуда әсем шыршамызға» арналған тақпақтарымызды айтайық.

Тамаша! Тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,                      

Көз тоймайды қараса!


Тауда туып тауда өскен                      

Шырша келді ортаға 

Қандай жақсы шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз


Әдемілеп біз ілген                                 

Ойыншықтар тізілген

Қандай жақсы шыршамыз,

Ән шырқаймыз баршамыз.


Бізбен бірге жайдары                               

Жарқырады, жайнады!

Арайланды шыршамыз,

Ән шырқаймыз баршамыз!

Жүргізуші:Рахмет балалар! Бізге алыстан қонақ келе жатқан сияқты

Әуенмен Аққала кіреді

Менің атым Аққала

Ән саламын шаттана

Аққаланы айналып

Кел, ойнаңдар, шаттана.

Балалар, сендер мені таныдыңдар ма?

Бір бала:Қар жауғанда бәріміз соқтық қардан аққала

 Сендер менің қасымда тоңып тұрған жоқсыңдар ма? 

Балалар: ЖОҚ.

Аққала: Сендер сонда аяздан қорықпайсыңдар ма? 

Балалар: ЖОҚ.

Аққала: Ал егер қолдарың тоңып қалса не істейсіңдер?

балалар: Біз шапалақтаймыз.

Аққала: Ал егер аяқтарың тоңса ше?

балалар: Біз топылдатамыз.

Аққала: Ал егер мұрындарың тоңса ше?

Тәрбиеші-балалар: Біз уқалаймыз.

Аққала: Сендер бәрін біледі екенсіңдер,керемет!

Қыс қызығы тамаша

Ойнаймыз біз таласа

Думанымыз жалғассын

Би-билейік  тамаша!!

Би: «Аққала»биі

Жүргізуші: -Аққалажан балаларда бүгін жаңа жыл мерекесі, әдемі шыршамыз тұр жараса, тек Аяз ата жоқ ортада...

Аққала: -Мен сендерге көмектесейін. Қазір орманға жылдам барып,сендердің күтіп отырғандарыңды  жедел жеткізейін(Әуенмен шығып кетеді)

1 бала: Аяз ата келе ме?

Бізге сыйлық бере ме?

Жүргізуші: Әрине, ата келеді

Бізге көп сыйлық береді.

Осы кезде музыка әуенімен билей басып түлкі келеді.

Түлкі: Мен түлкімін,түлкімін

Тұнып тұрған күлкімін

Бұлғаң, бұлғаң құйрығым

Текке өтпейді бір күнім

Аяз ата мұнда келмейді,

Сендерге сыйлық бермейді.

Жүргізуші: Қалайша?

Түлкі: Аяз аталарың адасып кетіпті,

Сендерді таба алмай

Үйіне қайтып кетті

Тәрбиеші: Бұл қалай болды? Думанымыз Аяз атасыз қалай өтпек?

Түлкі: Жарайды, мен кетейін (билей басып кетеді)

Тәрбиеші: Балалар, уайымдамаңдар.Аяз атамыз келеді,бізге сыйлық

береді.Бұл түлкінің кезекті бір қулығы болар.

Мұның артында бір шикілік бар сияқты.Төрекелді түлкінің ізіне түс, не бүлдіргенін біл.

Бала: Жарайды (түлкінің соңына түседі)

Сықырлаған қардың дыбысы естіледі.

Тәрбиеші тың-тыңдап: Балалар, Аяз атамыз келе жатқанға ұқсайды.Қардың

сықырын естідіңдер ме?

Балалар: Иә, естіп тұрмыз.

Тәрбиеші: Енді қарап тұрмайық

Бәріміз бірге дауыстап

Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық!

Балалар: Аяз ата, Ақшақар!АУ-АУ

Әуен ойналады. Залға Аяз ата мен Ақшақар кіреді. Балалар қошеметтеп қарсы алады.

Аяз ата: Амансың ба, ұлдарым,

Амансың ба, қыздарым

Қандай әсем жүздерің

Қандай мөлдір көздерің

Керемет бір ән тыңдап,

Келіп тұр-ау демалғым.

Ақшақар:

Ақшақармын арайлы

                  Сүйсіндірер баршаны

                  Жалт-жалт еткен жүзімнен,

                  Күміс сәуле тарайды.

                  Сәбилердің өнерін

                  Көру үшін келемін,

                  Аяз ата сыйлығын үйлестіріп беремін.


Салеметсіңдерме балалар, жаңа жылдарың құтты болсын

Жүргізуші: Хош келдіңіз Аяз ата,Ақшақар! 

Ақшақар:Жаңа жыл көркі шыршамыз неге көңілсіз? Неге шамдары сөніп тұр а? Келіңдер балалар шыршаны айнала тұрайық.Қане менің сиқырлы таяқшам көмектесіп жібер

( Сиқыршы таяқшасын ұстап шыршаға жақындап )

Қане, қане, шырша күлімде! Қане шырша бой көтер!    «Бір, екі, үш!»  қуант бізді таңырқат, шамдарыңды жарқырат! 

Музыка ырғығымен сиқыршы таяғын айналдыра  ұстап шыршаның шамын жағады.

Жүргізуші: Керемет! Қандай тамаша! Енді  балалар  көрікті шыршамызға,Аяз атамызға  арналған әнімізді айтайық!                                                 

Ән:«Аяз ата» Лейланы шығарып, клоун киіндіру

Жүргізуші:Аяз ата,Ақшақар біздің балаларымыздың тақпақтарын тыңдаңыздар

                                                                            

Жаңа жыл да келеді                                

Көп қуаныш береді

Шашу етіп біздерге

Ақ күмісін төгеді


Бізбен бірге ойнайды                          

Жаңа жылды тойлайды

Барлық бала бақытты

Болса екен деп ойлайды


Сақалы аппақ күмістей                            

Тістері апақ күріштей

Қызыл ала шапаны

Сағындым Аяз атаны


Шыршаға бардық                              

Әсем ән салдық

Аяз атадан

Сыйлықтар алдық.


Аяз ата: Ой, айналайындарым-ай, сендерге келуін келдім, бірақ қапшық

толы сыйлығым ұшты-күйлі жоқ болып кетті.Осында келе жатып,

жоғалтып алдым. Енді не істесем екен?

Осы кезде түлкінің соңынан кеткен екі бала түлкіні алдына салып, қапшық толы сыйлықты алып келеді.

Аяз ата: Ә, енді есіме түсті, қу түлкі. Жолда бағана өлген боп жатып

қапшығымды қымқырған екенсің ғой.Түлкінің мұнысыдұрыс па, балалар?

Балалар: Жоқ.

Түлкі:Кешіріңдерші балалар,сыйлықтарыңды өздеріңе алып келдім

Аяз ата:Кешіреміз бе балалар? Онда, айыбыңды өтеп, өнеріңді көрсет.

Түлкі: Достарым менің келіңдер,

Бірге билеп көріңдер

«Сайқымазақтар биі» орындалады.

Аяз ата: Бәрекелді, жарайсыңдар.Билерің керемет екен.

Тәрбиеші: Ал, балалар, тұрмайық

Аяз атаға арнаған

Тақпақтарымызды айтайық.

Келді тағы жаңа жыл                            

Қуантумен біздерді.

Құтты болсын қуаныш

Құттықтаймыз сіздерді!


Аппақ тонға оранып                        

Базарлықты мол алып

Келді алыс сапардан                                        

Аяз ата оралып.


Ақ таяғын таянып                    

Таңмен бірге оянып

Аяз ата келіп тұр

Ақ көрпеге оранып.


Жаңа жылмен,жаңа жылмен

Құттықтаймыз әрине                                

Әкемізді,анамызды !

Қонақтардың бәрін де!


Жаңа жылым жол болсын                                 

Басқан қадам оң болсын

Төрлет,төрлет Жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын 


Ақ қырауға малынған,

Сақалы да,мұрты да                                   

Аяз Ата сағынған, 

Сәлем берді жұртына


Жаңа жылды біз тойлап

Шаттанамыз бәріміз.                          

Кел, Жаңа жыл біздерге,

Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!


Тілеймін мен бар адамға                    
 Жаңа бақыт, жаңа жыр
 Ата - әже, ата - әже
 Құтты болсын Жаңа жыл

Ән: «Аппақ қарда ақ қоян»

Ойын: Аяз атамен


Жүзімізде күлкі ойнап                      

Қанаттанды жанымыз

Жаңа жылды біз тойлап

Шаттанамыз бәріміз.


Келді жылым бақытым,                  

Кемелденді уақытым.

Сәлем саған, Жаңа жыл,

Жаңа бақыт, жаңа жыр!

Тақпақтарды жаттадық,                 

Би де үйрендік көрсін деп

Аяз ата шаттанып 

Бізге риза болсын деп.


Ақ қырауға малынған,                         

Сақалы да,мұрты да

Аяз Ата сағынған,

Сәлем берді жұртына



Аяз Ата:Жанымда Ақшақарым бар, ол да ренжіп қалмаксын,бүлдіршіндермен би- билеп,бірге ойнасын!

     Би: «Ұлпақарлар биі»

Тәрбиеші:Ендіескі жылмен қоштасып, жаңа жылмен достасатын

кез келді.

Әуенмен Ескі жыл кіреді

Мен ескі жылмын сіздерге  молшылық, бақыт әкелдім.

               Бір жыл бойы сендермен          

               Бірге жүрдім ойнадым

               Енді міне балалар,

               Кезек келді қоштасар. Келесі жыл бастауын Барысқа сеніп беремін, сау болыңдар            балалар му-му-му!

Әуенмен Жаңа жыл кіреді

Келдім міне еліме

Келдім міне жеріме                                                

Шаттыққа бөлеп әр үйді

Шығам енді төріңе.

Аман болсын халқымыз,

Арта берсіндаңқымыз.

Мен жаңажылмын
 Мен жаңанұрмын
 Нұрымды да себейін
 Жырымды да себейін!
 Мен сендерменбіржылбойыбіргеболамын. Сендергеденсаулық, шаттықкүлкі, бақыттілеймін!

Жүргізуші: Аяз ата балаларға сыйлық берер уақыт келген сияқты.

Аяз ата: Әрине, сүйкімді балаларды қалай сыйлықсыз қалдыруға болады?

Ал қызым, балалардың сыйлықтарын алып келіңдерші. /Аяз ата сыйлықтарды үлестіреді/

Жүргізуші:  Аяз ата сыйлықттарыңыз үшін көп-көп рахмет!

Аяз ата: Қоштасатын кез келді

Қимай тұрмын сендерді

             Келер жылға дейін сау болыңд

Жүргізуші: Ал құрметті қонақтар, балалар жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Аман сау еліміз тыныш болсын.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив