"Лэпбук- мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың қазіргі заманғы құралы"

Лэпбук – салыстырмалы түрдегі жаңа оқыту құралы.Алғаш рет лэпбукты америкалықтар құра бастады. Лэпбук (lapbook) – ағылшын тілінен тура аударғанда (lap-тізе, book-кітап) деген мағынаны білдіреді.
Лэпбук – бұл қалташалары, есігі, терезелері бар жинамалы кітапша, жылжымалы бөлшектерден құралған, оған бір тақырыптың материалдары орналастырылады. Бұл бүлдіршіндермен белгілі біртақырыпты бекітуге арналған тамаша тәсіл және кітаптың мазмұнын ұғыну арқылы, зерттеу жұмысын жүргізу, оның барысында бала ізденіс жасайды, ақпаратты сұрыптап және талдайды.
«Лэпбук» - мектепке дейінгі балалардың танымдық – зерттеу белсенділігінін дамуы түрінін инновациялық формасы, балалардың ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамуына жақсы әсер тигізеді, тәрбиеленушілер әр сала бойынша білімдер алады және алған білімдерін қолдана алады.
Лэпбук (lapbook) – ағылшын тілінен тура аударғанда (lap-тізе, book-кітап) деген мағынаны білдіреді. Лэпбук – бұл қалташалары, есігі, терезелері бар жинамалы кітапша, жылжымалы бөлшектерден құралған, оған бір тақырыптың материалдары орналастырылады. Ол интерактивтік әдістеме, оны құрастыру жөнінде келесі әдіс-тәсілдер қолдану болады: салыстырмалы талдау, ізденіс, дидактикалық ойындар, әңгіме, сипаттау, сюжеттік ойындар т.с.с. Осы папканы толтыру үшін бала бірнеше әрекеттер жасау керек: бақылау жасау, берілген материалды оқып дайындау, тапсырмаларды орындау. Лэпбукты жасағанда балалар білімдерін толықтырады, өткен материалды қайталап, пысықтайды. Алған білімдерін бір жүйеге келтіреді, папканы алғанда өткен тақырыптар естерінде қалып, ойға тез келеді.
Лэпбук арқылы келесі міндеттер атқарылады:
1. Балаларды ересек адамдармен және өзіңің құрдастарымен дұрыс қарым-қатынас құруға тәрбиелеу, бірігіп іс-әрекет жасауға үйрету.
2. Балалардың танымдылық белсенділігін, өзділігін дамыту.
3. Ойлау қабілеттерін, логикасын дамыту.
4. Балаларды өз бетімен ақпарат жинауға, өз қалауы бойынша материалды ұйымдастыру.
5. Жаңа тақырыпты дұрыс түсініп және есте сақтауға, алған білімдерін өмірлік жағдайларда қолдану.
1. Лэпбук балаға өткен тақырыпты өз қалауы бойынша ұйымдастырға, тақырыпты жақсы түсінуге және материалды есте сақтауға көмектеседі (әсіресе, егер сіздің балаңыз визуалды болса). Визуалды ересектерге де оқытудың мұндай түрі ұнайды.
2. Бұл өткен тақырыпты қайталау үшін тамаша тәсіл. Кез келген ыңғайлы уақытта бала жай ғана лэпбукты ашады және қуана-қуана өткенін қайталайды, өз қолымен жасаған еңбекті қарастырады.
3. Бала өз бетімен жинауға және ақпаратты ұйымдастыруға үйренеді.
4. Лэпбук топта оқу қызметін жүргізгенде қолайлы, онда бір мезгілде әр түрлі жастағы балалар оқиды. Тапсырманы деңгейге қарай таңдауға болады (кіші топтағы балалар үшін –карточкалармен қалташа немесе жануарлар пішінің, ал ересек немесе даярлық топтардағы балаларға жаза білуге және т.б. тапсырмалар) және осындай ұжымдық еңбек кітапшасын жасау.
5. Лэпбука құру ересектер мен балалардың бірлескен қызмет түрлерінің бірі болып табылады. Ал мүмкін тақырыптық аптаның немесе жобаның нәтижелерін ұсыну нысаны болып табылады.
Лэпбук бір тақырып бойынша білімді жүйелейтін интерактивті қалта немесе мини кітапша. Кең тақырып ретінде ("Жыл мезгілдері", "Ауа райы" "Спорт"), жеке тақырып ретінде ("мысықтар", "қар", "алма") де алуға болады. Мұндай кітапшада тақырыбы бойынша зерттеу және білімдерін бекіту үшін калташалар , конверттер (оның ішінде иллюстрациялық суреттер) және көп жүйеленген қажетті материал бар.
Жаңа қызық ойын жасау арқылы жаңа ақпаратты тез меңгеріп алу және тиімді талқылап бекіту үшін лэпбукттер көмектеседі. Лэпбукті оқу қызметінде балаға қолдануға болатын ең қолайлы жас шамасы - 5 жас. Лэпбукті баламен бірге құрастыру процесінде, ол жаңа ақпаратты тез есте сақтайды. Бала тақырыптық материалмен жұмыс істеу барысында бақылау жүргізеді, тапсырманы орындайды, зерделейді және баяндай алады.
Лэпбук өткен тақырыпты балаға өз қалауы бойынша ақпаратты ұйымдастыруға, материалды жақсы түсінуге және есте сақтауға көмектеседі. Лэпбук өткен тақырыпты қайталату үшін тамаша тәсіл. Кез келген өзіне ыңғайлы уақытта бала өз қолымен жасалған кітапшасын ашып, өткен тақырыпты қарай отырып, қайталайды. Лэпбук бір топта әр түрлі жастағы балаларды оқытатын жақсы құрал. Әрбір баланың күшіне сай тапсырмалар таңдауға болады. (Кіші топтарға пішіндер немесе мәселен жануарлар бар карточкаларымен, ал ересек топтағы балаларға – жазуға дағдылайтын тапсырмалар және т.б.) да осындай ұжымдық кітапшалар жасауға болады. Лэпбукті құру ересек адам мен балалардың бірлескен қызмет түрлерінің бірі болып табылады. Бәлкім тағы да тақырыптық аптаны қорытындылау немесе жобаны ұсыну нысаны ретінде қолдануға болады. Болашақта бала ақпарат жинау арқылы жақсы дәрежеде рефераттар мен курсттық жұмыстар ұйымдастыруды үйренеді.
Лэпбукты құруды неден бастауға болады?
1. Лэпбуктың тақырыбын алдын-ала анықтау қажет. Тақырып кез келген болуы мүмкін – «Отбасы», «Көліктер», «Қызықты математика», «Жемістер» және т.с.с.
2. Сіз тақырыпты анықтағаннан кейін, лэпбукқа болашақ жоспар құрыңыз, сонымен қатар қандай тақырыпшаларды қамтиды, осы міне біздің кітапшамыздың мазмұны. 5-7-тармақтан құрауға (кітапшаларды) кеңес беремін, бірақ бұл жерде жалпы шектеу жоқ.
3. Әрбір тақырыпқа лайықты кітапша таңдаңыздар.

Лэпбукті толықтыру үшін қолданатын құралдар:






