АОҚ «Денің сау болсын десең» » ГККП Ясли сад № 44
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№44 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон завующего:
+7(727) 303-74-63
Телефон методиста:
+7(727) 303-78-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » АОҚ «Денің сау болсын десең»
13
январь
2022

АОҚ «Денің сау болсын десең»


                               
Мақсаттары:
Оқыту. 
Балалардың өз денсаулығына деген саналы көзқарасын және салауатты өмір салтына деген қажеттілігін қалыптастыру. «Гигиена» ұғымымен таныстыру. Баланың жеке басының тазалығын сақтаудың жолдарын айту. Тазалық туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: 
Мәдени-гигиеналық дағдыларын пысықтау және жетілдіру. 
Тәрбиелік: 
Балаларда салауатты өмір салтының дағдыларын және қажеттілігін сақтай білуге тәрбиелеу.
Педагогикалық технологиялар: о
йын технологиясы,  денсаулық технологиясы
Көптілділік: денсаулық-здоровье, дәрумендер-витамины, гигиена-гигиена, тістер-зубы, сабын-мыло, сүлгі-полотенце, тіс щеткасы-зубная щетка.
 
Ұйымдастырылыған оқу қызметінің барысы: 
-Балалар, маған қараңдаршы менің қолымдағы не? 
-Қардың түсі қандай ? 
-Қар қатты ма, әлде жұмсақ па? 
-Балалар бүгінгі көңіл – күйлерің осы қардай аппақ болсын.
(балалар бір – бірлеріне ақ тілектерін ұлпа қарды беріп тұрып айтады: денсаулығымыз мықты болсын, білімді болайық, аспанымыз ашық болсын, барлығымыз тату – тәтті болайық)
- Көрдіңдер ме балалар? Жылы сөздер айтып едік қолымыздың жылуынан қарда еріп кетті. 
Аспанымыз ашық болсын
Деніміз сау болсын,
Еліміз тыныш болсын.
Бәріміз күндей жарқырайық,
Бәріміз тату дос болайық!
- Енді бізге қонаққа апайлар келіп отыр, барлығымыз амандасайық.
- Сәлеметсіз бе! - Здравствуйте! - Hello! 
Біз кездескен кезде, қоштасқан кезде қарапайым ғана бір сөз айтамыз: - Сәлеметсіз бе? – Сау болыңыз! - деп айтып, адам денінің саулыған тілейді екенбіз. Яғни біз бүгін денсаулық жайлы көп мағлұмат алады екенбіз.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі? - Қыс айларын атайық? Қыста қандай өзгерістер болады, қандай ойындар ойнаймыз?
- Қыс туралы қандай тақпақ білеміз? 
Алишер 
Аппақ күміс бар әлем,
Зымыраймыз шанамен,
Тоғайлар тон киеді,
Аяз беттен сүйеді.
(Есік қағып почташы келеді.) 
Почташы: - Сәлеметсіздер ме, бұл №44 бөбекжай бақшасы ма? «Балауса» тобы ма? Мен онда сіздерге хат әкелдім. (Хатты тәрбиешіге береді) -Рахмет, Почташы.(Қоштасып кетеді.) Балалар бұл не хат оқимыз ба? 
«Сәлеметсіздер ме балалар, мен Дымбілмеспін. Мен қиын жағдайға тап болдым, менің тісім қатты ауырып жатыр. Дәрігер ауырмау үшін дұрыс тамақтану керек дейді. Мен тырысып, өте дәмді: тәтті тоқаш, кәмпит, чипсы, тәттілерді жедім, ішкенім коко-кола. Бірақ мен тәуір бола алмай жүрмін. Балалар маған көмектесіңдерші маған немен тамақтану керек? Денсаулығымды қалай түзесем болады?» 
-Балалар, кәне Дымбілмеске көмектесеміз бе?
Адамның денсаулығы — қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл – күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалар, сіздердің қолдарыңызда. Яғни дені сау ұрпақтың қолында екен.
Денсаулықтың достары туралы айтып беріңдерші.
1.Спортпен шынығу.
2. Таза ауа.
3  Дұрыс тамақтану.
4. Тазалық/Гигиена.
5. Демалу.
6. Күн тәртібі.
7. Көңіл күй.
- Балалар Дымбілмеске дәрігер дұрыс тамақтансын депті. Бірақ ол кола ішіп, көп тәттілер жепті. Сендер оған қандай кеңес берер едіңдер? (дәреумендер)
- Дәрумендер не үшін керек? (дені сау болу үшін, күшті, мықты болу үшін, ауырмау үшін) 
-Дәрумендерге не жатады? (Пайдалы тамақтар, жемістер мен көкөністер).
- Дәрумендері көп жеміс пен көкөніс туралы кім қандай тақпақ біледі?                      
Диана:
Мен алмамын, алмамын,
Денсаулыққа пайдамын.
Сусынымды ішсеңіз,
Көп ауруды жазамын.
Әлинұр: 
         Мен сәбізбін, сәбізбін,
Емдік қасиет беремін.
Көп ауруды жазамын,
Емделем десең әзірмін
Адия:
         Дәрумендер тірегің,
АВСДЕ деп аласың.
Жетіспесе бірі оның,
Ауырып сен қаласың
- Балалар, жарайсыңдар. Енді деніміздің сау болуы үшін денсаулықтың негізгі досы гигиенаға тоқталып өтейік. Гигиена - грек тілінен «денсаулық әкелуші» деген сөзді білдіреді. Жеке бас гигиенасы – бұл денені және киімді таза ұстау. Гигиена ережелерін сақтау денсаулықтың мықты болуына көмектеседі.
Ойын : «Тазалыққа не керек?»-жұмбақ шеш 
Дымқылдап күнде сен, 
Қолыңа сүйкесең. 
Кетіп кір-ласың, 
Тап-таза боласың. (Сабын) 

Шомылған баланы, 
Аймалап алады. 
Сүртеді қолын да, 
Сүртеді жонын да. (Сүлгі)

Аузы жоқ, көзі жоқ, 
Тілі жоқ, өзі жоқ. 
Бірақ та тісі бар, 
Басың мен ісі бар. (Тарақ)

Біз едік, біз едік, 
Отыз екі қыз едік. 
Қатар-қатар тізілдік, 
Кезек-кезек тізілдік. (Тіс)
-Балалар, Дымбілместің тісі ауырып жатыр екен, оған көмектесеміз ба?
Тіс күту ережесін бірге қайталау
а) Тісті екі рет жуу керек – таңертен де кешке де.
ә) Тіс дәрігеріне жылына екі рет қаралыну керек.
б) Тәттіні көп жемеу керек.
в) Қатты заттарды  тіспен шақпау керек.
г) Әр адамның жеке щеткасы болу керек.
Дидактикалық ойын: «Тіске пайдалы, зиянды заттар»
(балалар тақтаға пайдалы және зиянды заттарды жапсырады)


«Тіс пастасымен» жұмыс (1 күн бұрын 1 стақан колаға піскен жұмыртқаны салып қойып, енді оны балалармен бірігіп бір жақ шетін ғана тіс пастасымен ысқылап тазалау). Тіс пастасының көмегі туралы айту.

Практикалық әрекет: «Қол жуу ережесі»
- Қолды қалай тазалап жуу керек?
- Қолымыздағы сабынды алып, оны сулап сабындаймыз. Сабынды орнына қойып, қолды уқалаймыз, сол кезде «сабын қолғабы» пайда болады. Таза сумен көпіршікті жуып кетіріп, қолымызды сүлгімен жақсылап сүртеміз.
- Әр адамда жеке басының гигиенасына арналған заттары болуы шарт: сүлгі, тіс щеткасы, паста, сабын, шампунь, тарақ, қол орамалы, т.б. (балалармен бірге сол заттарды көрсету)
Салауатты өмір салтын сақтау үшін біз не істеуіміз керек?
Тазалық – денсаулық кепілі.
Тазалық болмаса, денсаулық дұрыс болмайтынын сендер білесіңдер.
Тазалықты сақтау үшін сумен дос болу керек екен.
Сылдырлайды мөлдір су,
    Мөлдір суға бетіңді жу.
    Жусан егер ардайым,
    Таза бетін маңдайын. Тазалықтың досы су дегенім осы.
3. Ойын «Ия-жоқ» 
-Денсаулықты сақтап дұрыс тамақтану үшін не пайдалы қазір білеміз. Ол үшін менің сұрағыма «Ия» немесе «Жоқ» деп жауап беріңдер, келістік пе? 
-Ботқа-дәмді ас, ол бізге пайдалы?  Жуа жесең әрқашан, ол сендерге пайдалы ма? Жердегі су таза емес, оны ішуге бола ма? Щи – тамаша тағам, щи-балаларға пайдалы? Ағаш сорпасы әрдайым балаларға пайдалы? Жемістер-бұл біз үшін, ең пайдалы? Жумай жеген көкөніс, ол бізге пайдалы? Көкөніс өседі, көкөністер пайдалы? Шырын, сусын балаларға пайдалы ішу керек пе? Чипсы пайдалы тағам? 
- Дымбілмеске нені үйреттік? Қандай ойындар арқылы көмек бердік?
- Қандай қорытындыға келдік? 
Денсаулықты сақтау үшін бастысы күн тәртібін сақтау керек. Серуендеу, таза ауаға шығу, дұрыс тамақтану, дәрумендер жеу, дұрыс ұйықтау, спортпен айналасу керек. Сондықтан да «Денсаулық зор байлық» деп қазақ атамыз айтып кеткен. Басты байлығымызды қорғайық. Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Денсаулықтың кепілі салауаттылық. Салауатты өмір салтын сақтап, болашағымызды сәулелендірейік.
Қоштасу: - Сау болыңыздар!









Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив