АОҚ " Су - өмірдің нәрі "
Білім саласы: Таным
Оқу қызметі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Су - өмірдің нәрі.
Мақсаты: Балаларға су және оның маңызы туралы түсінік беру;
Судың адамзат тіршілігіндегі маңызы туралы түсініктерін нақтылау; судың қасиеттерімен таныстыру, тәжірибе жасай білу дағдыларын арттыру.Суды үнемдеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: слайд; тәжірибе жұмысына арналған заттар; су құятын стақан, сүт, шекер, түтікше.
Алдын - ала жұмыс:
Қандай суды ішуге болмайды?
Қандай суды ішуге болады?
Әдіс - тәсілдер:
1. Су тақырыбына әңгімелесу.
2. Судың қасиетін анықтау, тәжірибе жұмыстары
3. Су туралы тақпақтар, ырым, тиым сөздер.
Билингвальді компонент: Жаңбыр - дождь - rain. Су - вода - water.
Тәрбиеші: Балалар көңіл – күйлерің қалай?
Балалар: Жақсы.
Тәрбиеші: Ендеше, осы көтеріңкі көңілмен орнымызға отырып, оқу – қызметімізді жалғастырайық.
-Балалар бері қараңдаршы мұнда бір дыбыс естіледі, ненің дыбысы екен, тыңдайықшы (дыбыс естіледі)
Балалар: Судың,
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар, су бізге қажет пе?
Балалар: Иә.
Тәрбиеші: Су туралы тақпақ білесіңдер ме?
1.Су деген өмір көзі,
Тіршіліктің нәрі бұл,
Су болмаса оянбайды,
Табиғаттың барлығы.
Болмас еді шөп – шалаң,
Болмас еді тірі жан,
Сол себепті балалар,
Суды ысырап қылмайық .
2.Таза болсаң судай бол,
Бәрін жуып кетірген,
Жақсы болсаң жердей бол,
Бәрімізді өсірген.
3.Су бар жерде ырыс бар,
Ұстап балық жейсің.
Сумен суарып өсірген,
Ақ бидайдан нан жейсің.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, ал енді мен сендерге жұмбақ жасырам, кім шешімін тапса, сол жауабын тақтаға жапсырады.

Тәрбиеші: Міне, осылардың барлығы сумен байланысты. Балалар, ал сендер білесіңдер ме судың қайдан пайда болатынын? Ендеше мен сендерге толығырақ түсіндіре кетейін.
-Су өмір бойы айналымда болады. Ол жаңбырмен жерге түседі, арық болып ағып, өзенді құрайды. Ал, содан кейін қайтадан күн шуағымен бу болып аспанға көтеріліп, жер бетіне жаңбыр болып қайта оралады. Жаңбырдан аққан кішкентай сулар бірігіп, жылғалар болып, үлкен теңіз құрайды.
Тәрбиеші: Ал, балалар адамдар суды қалай пайдаланады?
Балалар: Суда ыстық күндері шомыламыз, сумен кір жуады, ыдыс жуады, үй тазалайды, тамақ дайындауға пайдаланады.
-Су кімге және нелерге керек?
Балалар: Адамдарға, өсімдіктерге, жан-жануарларға, жәндіктерге, құстарға.
Бой сергіту:
Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолыңды жу.
Аппақ бетің, маңдайың,
Тазалықтың досы,
Су деген осы.
Тәрбиеші:
- Су сөйлей алама? (Сылдырлайды, ағады, сарқырайды, құяды)
- Судың қандай қасиеті бар? (су жылғадан ағады, мұз болып қатады, теңіз болып толқиды, ауаға бу болып ұшады.)
- Судың дәмі бар ма?
- Судың дәмі жоқ.
- Судың иісі бар ма?
- Судың иісі жоқ
- Судың түсі жоқ, ол мөлдір.
- Балалар су туралы көп біледі екенсіңдер, енді біз қазір сендермен сол су арқылы тәжірибе жасаймыз.
- Ендеше зертхана орталығына барайық. (зертхана орталығына барамыз)
1 - тәжірибе: «Суда дәм жоқ»
Балалар түтікше арқылы су ішіп көреді. Онда дәм бар ма? Су дәмсіз.
2 - тәжірибе: «Судың иісі жоқ»
Балалар суды иіскеп көреді, судың иісінің жоқ екенін сезінеді.
3 - тәжірибе: «Су мөлдір»
Тәрбиешінің алдында екі шыны ыдыс тұрады, біреуіне су, ал екіншісіне сүт құйылған. Сүт құйылған ыдысқа тәрбиеші қасықты салады. Балалар, қасық көрініп тұр ма?
Балалар: Жоқ.
Тәрбиеші: Ал, енді қасықты суға салып көрейікші?
(суы бар ыдыстан қасықты көруге болады, ал сүт тұрған ыдыстан қасық көрінбейді).
4 - тәжірибе: «Су - еріткіш»
Стақанға қантты саламыз, не өзгерді?
Біз қантты шайға күнделікті қосамыз, егер ол суда ерімесе онда адамдар тәтті шай ішпес еді.
Тәрбиеші:Балалар, біздер судың әртүрлі қасиеттері бар екеніне көз жеткіздік, сонымен қайталап жіберейікші, судың қандай қасиеттері бар?
Балалардың жауабы:
Тәрбиеші: Күн қатты ысығанда су буға айналып аспанға ұшады да, бұлтқа айналады.Жаңбыр судан пайда болады екен.
-Ендеше «жаңбыр, су» сөздерін үш тілде қайталап жіберейікші.
Жаңбыр - дождь - rain.
Су - вода - water.
Балалар сөздерді үш тілде қайталайды.
- Бәрекелді жарайсыңдар, балаларым!

Қорытындылау:
Балалар сендер, бүгінгі оқу қызметіне өте керемет қатыстыңдар.