АОҚ "Жолда сақ бол, балақай!" » ГККП Ясли сад № 44
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№44 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон завующего:
+7(727) 303-74-63
Телефон методиста:
+7(727) 303-78-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » АОҚ "Жолда сақ бол, балақай!"
14
октябрь
2020

АОҚ "Жолда сақ бол, балақай!"

 Алматы қаласы

 Әуезов ауданы

 МКҚК "№44 бөбекжай-балабақшасының " 

 Тәрбиешісі Карибозова Калуа Жаксановна!

Мақсаты: Жол жүру ережелерін қайталау, бағдаршамның белгілерінің айырмашылығын жолда және көшедегі қауіпсіздік ережесі, жол белгілері туралы түсініктерін кеңейту. Балаларды жол жүру ережелерін сақтауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Жол белгілері, жол белгілерінің суреттері, бағдаршам, обруч, геометриялық фигуралар, көліктер

Билингвальды компонент: бағдаршам-светофор, жаяу жүргіншілер өтпесі-пешеходный переход, тыйым салынатын белгілер-запрешающие знаки.

Әдіс-тәсіл: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.

Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар,балалар және қонақтар! Бүгін біз балабақшамызда ата-аналардың қатысуымен өтткелі отырған сайыс сабағымыз жол қауіпсіздік белгілері туралы, яғни «Жолда сақ бол, балақай!» деп аталады.Ендеше, күнімізді шаттық шеңберімен бастайық.

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай аламын.

Ізгі, әрі жарық, әрі мейірбан,

Болып кетер сонда менің жан-жағым.

Тәрбиеші: Балалар, сендердің келетін балабақшаларың қай жерде орналасқан?

Балалар: Алматы қаласы, Әуезов ауданы, Береговой көшесі 45 үй.

Тәрбиеші: Тобымыз қандай?

Балалар: «Балдырған» мектепалды даярлық тобы

Тәрбиеші: Ұранымыз қандай?

Балалар: «Ел сенімін ақтаймыз, жол ережесін сақтаймыз»

Тәрбиеші: Балалар, таңертең балабақшаға немен келесіңдер? 

Балалар: Автобуспен, машинамен...

Тәрбиеші:Біздің көшелерде бағдаршам бар ма? 

Балалар: Бар

Тәрбиеші: Көшелеріміз қандай?   

Балалар: Ұзын-қысқа, тар-кең...(Балалардың жауабы).

Тосын сәт: Дымбілмес кіреді.

Дымбілмес: Сәлеметсіңдерме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіңбе

Тәрбиеші: Сен кімсің?

Дымбілмес: Мен Дымбілмеспін

Азаннан мен бүгін,

Жүгіруге бел будым.

Даңғыл жолға түсіп алып,

Машинамен жарыстым.

Зу-зу еткен көліктерден қорыққаным-ай, қорыққаным.Балалар мені үйге апарыңдаршы.

Тәрбиеші: Дымбілмес, сен жол ережесін білмейді екенсің ғой. Балалар көмектесеміз бе?

Балалар: Көмектесеміз

Тәрбиеші:Ендеше біз саған жол қауіпсіздігі, жол белгілері туралы айтып береміз.Сен бізбен бірге бол.Сонда ғана сен жол ережелерін білетін боласың.

Тәрбиеші: Ал енді балалар, екі топқа бөлінейік, І-ші топ «Балдырған» тобы, ал ІІ-ші топ «Топжарған» болып сайысқа түсейік.Топтың басшысы етіп, әр топқа ата-аналардан сайлап алайық.

Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады.

1.Жұмбақ жасыру

2.Қай топ зейінді

3.Кім жылдам?

4.Қандай белгі екенін тап

5.Тасымалдау көлігі

Жүргізуші: Ендеше, бүгінгі сайыста жолда жүру ережелерін қайталай отырып, оны қалай меңгергенімізді тексеріп, «Үлгілі жолаушы» деген атқа ие болайық.

І.Кезең: «Жұмбақ жасыру»

Ойын шарты: Екі топ бір-бірлеріне жұмбақтарын жасырады.Қай топтың жауаптары дұрыс болса, сол топ жеңімпаз атанады.

І.«Балдырған» тобы

Алима:  Бір көзім «кідір» дейді,

                Бір көзім «жүгір» дейді.

                Бір көзім «абайла» дейді.

                «Қарап ал маңайға дейді».  (Бағдаршам)

Айшагүл: Үш көзінде жалын – от,

                   Ал бірақта жаны жоқ.

                   Кезектесіп ашылар,

                   Кезектесіп жұмылар.  (Бағдаршам)\


Сұлтан: Үш көзі бар қаз-қатар,

                Кезек-кезек ашады.

                Үшеуінен байқасам,

                Үш түрлі нұр шашады.  (Бағдаршам)

Дария: Арқаным бар тым ұзын,
                Ала-алмайсың бір үзім.
                Табыңдаршы, балалар,
                Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)

Мансур: Арқасында ауыл жүр,

                Ала тайым шауып жүр. (Автобус)


 ІІ. «Топжарған» тобы

Даулетхан: Ала таяқ ұстаған, 

                      Жол тәртібін нұсқаған. 

                      Өміріңді күзеткен, 

                      Ысқырықпен түзеткен. (Жол сақшысы)
 
Нурали: Көше бойлап аяңдайды,
                  Адам тасып аялайды.  (Автобус)

Нұрдаулет: Көліктің қаншасын үстінен өткізген ,
                       Іргеден басталып , алысқа жеткізген.  (Жол)
 
Шыңғыс: Жоқ өзінде бас та , ауызда да , құлақ та ,
                    Бақырайған үш көзі бар бірақ та.  (Бағдаршам)
 Каусар:Өзі сөйлей білмейді,
                  Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді.  (Бағдаршам)


ІІ.Кезең: «Қай топ зейінді?»

Жүргізуші: Бағдаршам біздің өмірімізді қауіптен қорғайтын көмекшіміз, адал досымыз.Олай болса біз, сендермен «Бағдаршам» ойынын ойнайық.

Ойын шарты: Екі топтың балаларына үш-үштен қызыл,жасыл,сары түсті шеңберлер беріледі.Қойылған сұраққа сәйкес түстерді көрсету керек.

Қай топ дұрыс көрсетсе, сол топ жеңімпаз атанады.

1.Жүреміз - жасыл түсті көрсетеді

2.Тоқтаймыз – қызыл түсті көрсетеді

3.Дайындаламыз – сары түсті көрсетеді. (Осылай сұрақ қою арқылы ойын жалғаса береді).

ІІІ.Кезең: «Кім жылдам?»

Ойынның шарты: Көшені реттейтін, сенің көшеден өтуіңе көмектесетін сиқырлы үш көзді бағдаршамды құрастырамыз. Қай топ жұмысын бірінші аяқтайды, сол топ жеңімпаз атанады.

ІV.Кезең: «Қандай белгі екенін тап»

Ойын: «Қандай белгі екенін, тап?» (жол белгілері көрсетіледі).

Ойынның шарты: Қай топ көрсетілген белгіні дұрыс, әрі көбірек тапса сол топ жеңімпаз атанады.

V.Кезең: «Тасымалдау көлігі»

Ойынның шарты: Топ басшылары обручпен кедергілер арасымен өту арқылы бір-бірден жолаушыларды тасымалдайды.Қай топ бірінші тасымалдап бітеді, сол топ жеңіске жетеді.

Дымбілмес: Балалар, сендер қандай білімдісіңдер.Мен бәрін түсіндім,енді қайталамаймын.Көшеде жол ережесін сақтайтын боламын.Сендермен дос болғым келеді.

Тәрбиеші: Ал, балалар, ойын сендерге ұнады ма? 

Балалар: Иә, ұнады.

Тәрбиеші:Балалар, бүгінгі сайысқа барлықтарың өте белсенді қатыстыңдар. Сендерге рақмет.Бұл сайыста «Балдырған» тобы  «Үлгілі жолаушы» атағына ие болды. (Балаларға сыйлықтар табысталады).

Тәрбиеші: Бүгінгі сайысты қорытындылап, тақпақтар айтайық

Айару: Машинаға қабысып,

               Сырғанама жабысып.

              Бір жеріңді жаралап,

              Майып болып қаласың.

              Кімге кінә тағасың.

             Ата менен анаңды,

              Сергелдеңге саласың.

Адия:  Жол жүрудің тәртібін,

              Ережесін білеміз.

              Сақтанғанда қатерден,

              Сау-саламат жүреміз.

Аделя: Қауіпті ғой көше тым,

              Қумай жолдың төтесін.

               Жолақтарды іздеймін,

              Жаяу адам өтетін.

Шыңғысхан: Үлкен кіші қала бар,

                          Ой жүгіртіп қарап бар,

                          Ой жүгіртіп қарап ал.

                          Көше заңы тым қатал,

                          Сақ болыңдар балалар!

Балалардың барлығы бірге:

                          Ұлы сөзді тыңдаймыз,

                          Жол тәртібін сақтаймыз.


Тәрбиеші:Балалар, біз бүгін жаңа дос таптық.Досымыз Дымбілмеске жол ережелерін айтып бердік.Бұдан былай қауіпсіздік белгілерін есте сақтаймыз. Жол ережесін ешқашан естен шығармайық. Жолда жүргенде әрдайым сақ болайық.
 
 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив