«Алматы — біздің ортақ үйіміз» атты сенбілік өтті.
Алматы қаласы әкімдігінің бастамасымен өтіп жатқан «Алматы — біздің ортақ үйіміз» атты науқанға Әуезов ауданына қарасты КМҚК«№44 бөбекжай-балабақшасы» қатысты. Қоршаған ортаны тазарту науқанына ата-аналар, балалар және жалпы ұжым қолдау көрсетіп сенбілік өткізді.
Іс-шараның мақсаты: қаламыздың инфрақұрылымына ұқыпты қарау, балаларды азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетке тәрбиелей отырып, экологиялық бастаманы қолдау және іске асыруға жағдай жасау.
Әуезов ауданы білім бөлімінің әдіскері Г. С. Ногайсарина да науқанға өз үлесін қосты. Науқанның екінші кезеңі «Біздің қала, біздің аула, біздің үй» негізінде балабақшамыздың ауласында тазалау, көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп, ойын алаңдары түрлі түске боялды. Бақшамыздың ажарын кіргізетін әсем раушан гүлдер егіліп, білім ордамыздың биылғы жас түлектері ата-аналарымен, тәрбиешілерімен бірге алма ағашын отырғызды. Іс-шара барысында бүлдіршіндер түрлі-түсті борлармен жерге көз тартар суреттер салды. Сенбілік соңы дәмді тіскебасарлармен, фуршет үстінде қорытындыланды. Ата-аналар науқанда өз белсенділіктерін көрсете отырып, балабақша ұжымына алғастарын білдірді. Табиғатты аялау барысындағы бұндай игі істер балабақшамыз тарапынан әлі де жалғасын табады.
Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуірде «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны басталды. Әрбір тұрғын қаланың дамуы мен абаттандырылуына өз үлесін қоса алады.






