СМ/Л (КЖ)
Әуезов ауданы
МКҚК «44 бөбекжай-балабақшасы»
С Е М И Н А Р
Тақырыбы:«Салауатты өмір салты мәдинетін қалыптастыру»
2021-2022о/ж
Баяндама
Тақырыбы:«Салауатты өмір салты мәдинетін қалыптастыру»
Мақсаты: Балалар денсаулық сақтауға және нығайтуға арналған іс – шараларды жүзеге асыру. Салауатты өмір салты туралы біліммен дағдыны қалыптастыру. Алған білімдерін күнделікті пайдалана білуге үйрету.
Қазіргі кездегі елімізде жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуға бағдарланған. Әлемдік білім кеңістігінен жалпы білім берудің басымдылық мақсаты – өзгермелі өмір жағдайына тез бейімделетін, өз жолын дұрыс таңдай білетін, оң шешім қабылдай алатын тұлға даярлау. Қай кезеңде болмасын білім мен тәрбие егіз ұғым екендігін ескерсек, отбасынан бастау алған бала тәрбиесі мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарында жалғасын тауып, болашаққа қадам басары анық. Олай болса, мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарындағы бүлдіршіндер тәрбиесін жан-жақты жетілдірудің жолдарын айқындап, бала денсаулығын сақтаудың жолдарын қарастыру заман талабынан туындап отырған жағдайлардың бірі.
Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Отбасында ата – ананың ықыласы мен мейірімінен нәр алған бала бақшада тәрбиешілердің шұғылалы шуағына бөлінеді. Баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуіне балабақшаның маңызы зор. Баланың бақытты болуы үшін , денінің сау болуы үшін үлкен қамқорлық жасауымыз керек. Дені сау баланың ақыл – ойы айқын, өз – өзіне сенімді, жан – жағына қуанышпен шаттана қарайтындай болуы шарт. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс дене құрлысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады.
Балабақшада оқу-тәрбие жұмыстарын заман талабына сайжүргізу, баланың денсаулығын сақтау мен нығайту мәселелерін тиімді шешу медициналық және педагогикалық қызметкерлердің бірлескен нәтижелі еңбектеріне байланысты. Осындай мәселені шешу барысында біздің анықтағанымыз, баланың денсаулығын нығайтуда және аурудыңалдын-алуда тек қана баланың қимыл белсенділіктерін көтеру өте аз, сонымен қатар шынықтыру шараларын жүйел іөткізу керек. Ол үшін педагог дәстүрлі жұмыстарға дәстүрден тыс жұмыстүрлерінің жүйесін тудыруы жөн.
