«Бауырсақ» ертегісі » ГККП Ясли сад № 44
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№44 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон завующего:
+7(727) 303-74-63
Телефон методиста:
+7(727) 303-78-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Бауырсақ» ертегісі
13
октябрь
2021

«Бауырсақ» ертегісі

       

 Шаттық шеңбер
 Ән саламыз күнде біз,
 Шаттық толы іргеміз.
 Біз мәңгілік достармыз,
 Біз әрқашан біргеміз.

Тәрбиеші: Ендеше біз бүгін Көркем әдебиет оқу-қызметінен ертеден келе жатқан «Бауырсақ» ертегісі туралы әңгімелейтін боламыз.

 «Бауырсақ» ертегісін балаларымыз рольдерге бөліп ойнап көрейік.
 «Бауырсақ» ертегісін тамашалаңыздар.
 Тәрбиеші:
 -Кемпір мен шал болыпты.Бірде шал кемпіріне.
 Шал:
 -Кемпір-ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші.
 Кемпір:
 -Неден пісірейін?Ұн жоқ қой!
 Шал:
 Әй,кемпір-ай! Қойманың түбін қырнап көрсең ғой бауырсақтық ұн табылып қалар.
 Тәрбиеші:
 Кемпір солай істейді,қойма түбін қырнап-қырнап екі уыс ұн табады да,қаймақ қосып,қамыр илеп,бауырсақты майға пісіріп,терезе алдына суытқалы қояды.Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан домалап түседі де,одан әрі жолмен зырлай жөнеледі.Бауырсақ жолда зымырап бара жатса,қарсы алдынан қоян шыға келеді.
 Қоян:
 Бауырсақ! бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!
 Бауырсақ:
 Жоқ,сен мені жеме саған өлең айтып берем.
 -Мен бауырсақ,бауырсақ,
 Атамнан қаштым,
 Әжемнен қаштым.
 Ал сенен қашу,қоян,
 Қиын емес маған.
 Осылай әндетіп бауырсақ домалай жөнеледі.
 Бауырсақ жалғыз аяқ жолмен келе жатса, оның алдынан қасқыр шыға келіп
 Қасқыр:
 Бауырсақ! бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!
 Бауырсақ:
 -Сен мені жеме,мен саған өлең айтып беремін.
 -Мен бауырсақ,бауырсақ
 Мен атамнан қаштым
 Әжемнен де қаштым
 Қасқыр,сенен де құтылам-деп домалай жөнеледі.
 Бауырсақ орман ішімен домалап келе жатса оған аю қарсы шығады.
 Аю:
 Әй,бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!
 Бауырсақ:
 -Сен мені жеме,мен саған өлең айтып берейін.
 -Менен бауырсақ,бауырсақ
 Мен атамнан қаштым,
 Мен әжемнен қаштым.
 Қояннан да қаштым,
 Қасқырдан да қаштым
 Аю сенен де қашам-деп
 Тәрбиеші:
 Осылай бауырсақ әрі қарай домалай жөнеледі.
 Түлкі:
 Амансыңба,бауырсақ!Көргендерге ұнайды,жүзің қызыл шырайлы!
 Тәрбиеші:
 Бауырсақ мақтағанға мәз болып, өлеңін айта бастайды.Түлкі болса қыбырын   білдірмей,жақындай береді де , бауырсақты жеп қояды.
 -Бауырсақ неден жасалады?
 -Ұннан жасалатын тағамдар.
 


Тіл ұстарту жаттығуы



Мнемотехника арқылы тақпақ жаттау.

Жарайды балалар,ертегі сендерге ұнады ма?
Енді бәріміз көңілді би билейік деп ,қорытындылау.
 Сау болыңдар!


 
 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив