Әуезов ауданы КҚМК «№44 бөбекжай балабақшасы» 2024-2025 оқу жылының №1 педагогикалық кеңесін өткізді.
№1 педагогикалық кеңес 02.09.2024 жылғы
Тақырыбы: Жаңа оқу жылына дайындық.
Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері мен жас мүмкіндіктеріне сәйкес бағдарламаларды жақсы қабылдауы үшін іс-әрекет үрдісін жаңарту.
Күн тәртібінде:
1. № 5 педагогикалық кеңесінің шешімінің орындалуына меңгеруші- Шаяхметова Г.З. мәлімдеме беру;
2. 2023-2024 жылғы сауықтыру іс-шараларының қорытындысы;
3. 2024-2025 оқу жылына арналған Әдістемелік нұсқау хатпен, жаңа оқу жылының міндеттерімен, жылдық жоспармен таныстыру, бекіту.
4. Аттестаттау коммисиясының құрамын бекіту. Педагогтардың кезекті біліктілік санатын көтеру бойынша өтініштерін қарастыру.
5. «Сағат тілдері» тренинг
6. Педагогикалық кеңестің шешімі.
Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша балабақша меңгерушісі Шаяхметова Г.З сөз алып, педагогтарды жаңа оқу жылымен құттықтады.Сондай-ақ педагогтардың сапалық тізімімен таныстырды, яғни 1әдіскер, 1 логопед, 1 психолог, 6 топтың тәрбиешілері. Әр тәрбиешінің қайсысы қай топта жұмыс атқаратынын айтып өтті. Жаңа оқу жылына жаңа қарқынмен кірісулерін қадап айтты.Одан кейін ең үлкен мәселенің бірі – Әдістемелік нұсқау хат туралы, ондағы өзгерістер туралы, жаңа оқу қызметтері қосылғанын ерекше айтып, бұйрықтарымен таныстырды. Келесі сөз кезегі балабақша әдіскері Қ.Қ. Басыбекке берілді.
Әдіскер: Басыбек Қ.Қ. – Қадірлі әріптестер, барлықтарыңызды жаңа оқу жылымен құттықтаймын. «Алақай, жайдарлы жаз келді» жазғы-сауықтыру кезеңінің перспективалық жоспарына сәйкес әр апта сайын жоспарлы іс-шаралар өткізіліп отырды.
Тамыз айындағы жазғы сауықтыру-шынықтыру шаралары ойдағыдай өтті. Жоспарланған жоспар бойынша балаларға жеміс-жидектер, шырындар берілсе, таза ауада көп уақыттарын өткізіп, ауру-сырқаттан аман болды. Күннің ыстығында балалар бас киімі т.б. қадағалап отырдым. Барлық іс-шаралар методикалық талапқа сай өтті деп ойлаймын.
Келесі сөз кезегін балабақша меңгерушісі алып, барлық топтар жаңа оқу жылына 100%-ға дайын болуын, барлық оқу қызметінің күнтізбелік жоспары, циклограмма, әдістемелік құралдары, оқу қызметтеріне қажетті көрнекі құралдар А-3 форматта балаларға оның тартымды қанық түсте болуын ескертті және оқу қызметіне қажетті құрал-жабдықтар, кезекшілік бұрыштары (табиғат бұрышындағы еңбек құралдары, асханадағы кезекшілік т.б.) төсек, сүлгі, шкаф т.б. маркировкалары сақадай сай болуын қадап айтты. Ата-аналарға арналған стендтарды ретке келтіру, балалардың бейімделу кезеңінде ата-аналармен дұрйс қарым-қатынас жасауды айтып өтті. Әр топ тәрбиешілеріне концелярлық құралдар мен балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты ойыншықтар үлестірілді.
2024-2025 оқу жылының міндеттері:
1. Мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің әлеуметтік-эмоционалды дағдыларын қалыптастыру арқылы адами құндылықтарға баулу. «Әдеп әлемі» авторлық бағдарламасын жүзеге асыру.
Балалар:
Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру арқылы балаларды әлеуметтік-мәдени нормаларға тәрбиелеу, рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру.
Педагогтер:
Мектепке дейінгі білім берудің стандарттарына сәйкес дағдылар мен әдеттерді балаларға үлгі бола отырып, бойларына сіңіру.
Ата-аналар:
Балалардың толыққанды әлеуметтік-эмоционалды дағдыларын қалыптастыруда балабақша мен отбасының тығыз байланысы.
2. Дамыту ойындары және дидактикалық ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі баланың танымдық әрекетін арттыру.
Балалар:
Дамыту және дидактикалық ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі баланың танымдық әрекетін арттыру;
Педагогтер:
Ойын процесінің қыр-сырын меңгеру;
Білімнің әр түрлі саласын жоғары қабілетпен зерделеу;
Балалардың білім алуға деген тұрақты қызығушылығын қалыптастыру;
Ата-аналар:
Ата-аналармен бірлесіп ынтымақтастықта жұмыс жүргізу, ізденіс іс-әрекет арқылы машықтандыру;
Топта танымдық-дамытушылық ортаны құруға ата-аналардың ат салысуын арттыру.
Төртінші мәселе бойынша барлық педагогтармен ақылдаса келе аттестация комиссиясының мүшелерімен таныстырды.
