Семинар "Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруда қолданылатын әдістер" Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Ерназарова Пакизат Тастановна
Қазіргі кезеңдегі ең өзекті мәселенің бірі –кәсіби мамандар дайындау. Бүгінгі таңда білімді, білікті, саналы азаматтар тәрбиелеу міндеті тұр. Бұл міндет бүлдіршіндердің шығармашылықтарын арттырып,ойын арқылы қызығушылығын дамыту.
Заманауи прогрессте мақсатқа жету үшін жас мамандарды үйрете отырып, заман талабына сай болу үшін білімі жоғары, мәдениетті, өзіне деген сенімі мықты, азаматтық айқындамасы орнықты, кәсіптік білім деңгейі жоғары, жаңалыққа жаны құмар, тың шешім таба алатын тәрбиеші болуға дайындау. Негізгі менің жас маманмен жүргізілетін жұмыс жоспарым: біріншіден- оның жеке ішкі жан дүниесіне, мінезіне, көңіл – күйіне қарай отырып, оның икемділігін анықтаймын. Қандай да болмасын жұмыс түрін алмас бұрын, бақылау, қатысу арқылы қандай жұмысқа қабілетті екенін байқаймын. Осылар арқылы сауалнамалар, әріптестермен іс- тәжірибе алмасу, ашық оқу- қызметтеріне қатыстыру,семинарларға, балабақшада жүргізілетін іс- шараларға қатыстыру, шағын тапсырмалар ұсыну. Бақылау арқылы, педагогикалық жаңалық ашу, оны бағалау және қоғамдастықты меңгеруі, болашақта жас мамандардың тәжірибені өз жұмысында пайдалануын қадағалау тәлімгерлік жұмысым. Әрбір жоспарын алынған іс әрекеттің аяқсыз, нәтижесіз қалмауын қадағалау, бағыт бағдар беріп отыру.
- Жас маман туралы толық мәлімет жинақтау.
- Жас маманның оқу тәрбие ісі жөніндегі құжаттарын жасауға көмектесу
- Өз білімін көтеру жоспарына көмектесу
- Жас маманды балалармен ынтымақтасып жұмыс істеуге үйрету
- Жас маманмен бірлесіп оқу қызметіне көрнекілік дайындау
- Ашық оқу- қызметінің тақырыбын таңдап,оны талқылау
- Жаңа педагогикалық технологияларды қарап,талқылау.
Осы мақсатта «Білім күні» тақырыптық оқу қызметі «Тіл» мерекесі, «Армысың, Алтын Күз» ертеңгілігі, «16-желтоқсан тәуелсіздік күні» атты іс-шаралар өткізілді.
Балабақша тәрбиешісі Ерназарова Пакизат «Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруда қолданылатын әдістер»тақырыбы бойынша семинар өткізіп, көрме ұйымдастырды
