Топтар » ГККП Ясли сад № 44
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№44 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон завующего:
+7(727) 303-74-63
Телефон методиста:
+7(727) 303-78-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Ертегі әлемі!" атты жаңа жылдық мерекелік іс-шара.
26
декабрь
2024
"Ертегі әлемі!" атты жаңа жылдық мерекелік іс-шара.
№44 бөбекжай-балабақшасында ағымдағы жылдың 26 желтоқсан күні “Ертегі әлемі!” атты жаңа жылдық мерекелік іс-шарасы өтті. Мерекелік ертеңгілікте әсем әндер орындалып, би биленді. Ақшақар, Қарханшайымы, Түлкі, Жылан т.б бүлдіршіндердің көңілін қуантатын кейіпкерлер ортада рөлдерді сомдады. Мақсаты: Қыс мезгілінде болатын балалардың сүйікті мерекесімен таныстыру. Мерекелік көңіл күйлерін ояту.Мерекені балалардың естерінде қалатындай етіп өткізу, достық қарым-қатынас орнату көзделді. Балалар Жаңа
"Кел Жаңа Жыл"Балапан кіші топ ертеңгілігі!
24
декабрь
2024
"Кел Жаңа Жыл"Балапан кіші топ ертеңгілігі!
Армысыздар, халайық! Бармысыздар халайық! Жаңа жылда жұп жазбай, Бірге қарсы алайық.
"Қазақстан-туған елім,ұлы өлкем" Республика күніне мерекелік ертеңгілік мектепалды"Ақжелкен"және "Балдырған" топтарында өтті.
13
декабрь
2024
"Қазақстан-туған елім,ұлы өлкем" Республика күніне мерекелік
Аударып жұрттың назарын, Бардың да көрген базарын. Жоқтын да көрген азабын, Даладай дала Қазағым! Алты алаштың арманы болған, Арда елдің айбары болған, Ең ұлық мереке Республика күні құтты болсын!!!
"Кім епті?" спорттық сайысы өтті.
23
апрель
2024
"Кім епті?" спорттық сайысы өтті.
Денсаулық апталығы барысында "Кім епті?" спорттық сайысы өткізілді.  Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, балалардың денсаулығын нығайту, спортқа деген қызығушылығын арттыру, топтық сайысқа, жылдамдыққа, икемділікке, күштілікке, төзімділікке баулу.   Балабақшамыздың "Ботақан" ортаңғы тобы тартысты жарыс көрсетті. Сайысымыз дене қыздыру жаттығуларынан басталып, "Черлидер" биімен жалғасын тапты. Сайыс 3 кезеңнен тұрды. Іс-шара соңы "Орныңды тап" қимылды ойыны және тыныс алу жаттығуларымен
"Денсаулық апталығы" басталды.
22
апрель
2024
"Денсаулық апталығы" басталды.
"Денсаулық сақтау - тәрбиешінің маңызды еңбегі. Балалардың рухани өмірі, дүниетанымы, ақыл-ой дамуы, білімнің беріктігі, өз күшіне сенуі балалардың сергектігіне, сергектігіне байланысты." В. А. Сухомлинский Біздің бөбекжай-балабақшамызда 22.04-26.04.2024 ж. аралығында Денсаулық апталығы өтуде. Балалардың денсаулығын сақтау өте маңызды, бірақ ең маңыздысы — олардың өздерін салауатты өмір салтын ұстануға және өз денсаулығын сақтауға үйрету. Дәл осы идея мектепке дейінгі білім беру мекемесінде
"12 СӘУІР - ҒАРЫШКЕРЛЕР КҮНІ" аясында тақырыптық ұйымдастырылған іс-әрекеттер өтті.
10
апрель
2024
"12 СӘУІР - ҒАРЫШКЕРЛЕР КҮНІ" аясында тақырыптық ұйымдастырылған
"12 СӘУІР - ҒАРЫШКЕРЛЕР КҮНІ" аясында тақырыптық ұйымдастырылған іс-әрекеттер өтті.  "Балауса" және " Балдырған" мектепалды топтары түрлі-түсті қағаздан зымырын жасап, ғарыш әлемінің керемет суреті құрастырды. Ересек "Ақжелкен" тобы "Мен ғарышкер боламын" тақырыбында кермет компазицияларын құрастырды. Ортаңғы "Ботақан" тобы "Ғарыш әлемі" тақырыбында сәйкестендіру жәнеермексазбен жұмыс жасады. "Балбөбек" және "Балапан" кіші топтары "Зымыран" тақырыптық ұйымдастырылған іс-әрекеті барысында көкке
«Қимылды ойындар» атты спорттық сайыс өтті.
29
март
2024
«Қимылды ойындар» атты спорттық сайыс өтті.
Бүгін жылдық жоспар аясында «№44 бөбекжай-балабақшасы»  ересек «Ақжелкен» тобында «Қимылды ойындар» атты спартакияда өткізілді.  Мақсаты. Дене денсаулығын нығайту, дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылықты ояту. Міндеттері. - Балалардың қозғалыс белсенділігін арттыру. - Физикалық қасиеттерді дамыту (төзімділік, дәлдік, жылдамдық, қозғалыстарды үйлестіру ептілігі). - Спорттық ойындар мен жарыстарға қызығушылықты дамыту; - Балалардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру. -
8-наурыз мерекесіне орай КМҚК "№44 бөбекжай-балабақшасында" ертеңгіліктер өткізілді.
07
март
2024
8-наурыз мерекесіне орай КМҚК "№44 бөбекжай-балабақшасында"
8-наурыз мерекесіне орай КМҚК "№44 бөбекжай-балабақшасында" ертеңгіліктер өткізілді. Мектеп алды  «Балапан» және "Балауса" топтарында «Ана - өмір шырағы». Ересек "Ақжелкен" тобында "Ананың аялы алақаны". Ортаңғы "Ботақан" тобында "Ақ мамам". Кіші "Балбөбек" және "Балапан" топтарында "Ана - біздің күніміз" атты ертеңгіліктер өткізілді. Ертеңгілікте балалар аналарына арнап өлең шумақтарын оқыды. Көктем, ана, әже туралы әндерді музыкалық сүйемелдеу арқылы шырқады. Мың бұралған қыздар көбелек,
«Театрдың ғажайып әлемі!» байқауына қатысып  ІІІ орын иеленген  КМҚК «№44 бөбекжай-балабақшасы» марапатталады!
22
февраль
2024
«Театрдың ғажайып әлемі!» байқауына қатысып ІІІ орын иеленген КМҚК
20 ақпан 2024 жылы мектепалды "Балдырған" және "Балауса" топтары педагогтердің сүйемелдеуімен «Мақта қыз бен мысық» қойылымын жоғарғы деңгейде алып шықты. Қойылымның мақсаты:  •  эстетикалық талғамын қалыптастыру; • адамгершілікке тәрбиелеу; • тұлғаның коммуникативтік сапасын дамыту (қарым-қатынастың түрлерін үйрету); • ерік – жігерін тәрбиелеп, ес, қиял, тілін (диалог және монолог) дамыту. Аудандық мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілер мен педагогтардың театрландырылған-шығармашылық «Театрдың
"Қыс қызығы" атты қысқы саяхат
18
январь
2024
"Қыс қызығы" атты қысқы саяхат
Мақсаты: Балалардың қыс туралы түсініктерін кеңейтіп, қысқы ойындар мазмұнын меңгерту, спорт туралы білімдерін кеңейту,  қызығушылықтарын арттыру. Бала денесін ойын арқылы қозғалысқа келтіріп, таза ауада шынықтыру. Іс-әрекетке деген қызығушылығын ойын арқылы қалыптастыру. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.   Қажетті құрал-жабдықтар: Кедергілер, шелектер, шана, күрек, аққалаға керекті заттар. Үштілдік: Қар-снег-snow, аққала-снеговик-snowman, қыс-зима-winter.